Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес, төмендегі азаматтар жоғары шенді әскери және арнайы атақтарға ие болды:
Орманбетов Нұрлан Секенұлына;
Вице-адмирал әскери атағы
Жанзақов Жандарбек Сәдуұлына;
Мемлекеттік Күзет Қызметінің генерал-лейтенанты арнаулы атағы
Күренбеков Амантай Жанкеұлына;
Генерал-майор әскери атағы:
Әлшекенов Лұт Сапуұлына,
Ділманов Дархан Айтқалиұлына,
Қашағанов Нұрлан Мұсақанұлына,
Нұрахметов Сағатбек Төлеубайұлына,
Омарқұлов Жандос Қастелбекұлына,
Сатов Мұхаметқали Құсайынұлына;
Авиация генерал-майоры әскери атағы:
Айымбетов Айдын Ақанұлына,
Кәрбенов Нұрлан Жанайдарұлына;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Дүйсебаев Әбілсейіт Оразақынұлына;
Сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы:
Әденов Күзембек Станбайұлына;
Мемлекеттік Күзет Қызметінің генерал-майоры
арнаулы атағы:
Әшімбекұлы Ардаққа;
Полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Лепеха Игорь Владимировичке;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі
сыныптық шені:
Қайыбжанов Марат Жолмағамбетұлына,
Нұрпейісов Сапарбек Айтуұлына,
Патсаев Ұлықбек Қаныбекұлына берілді.