Қазақстанда Нұркент деген жаңа қала салынатын болды. Жаңа қала Алматы облысының Панфилов ауданында, Қазақстан мен Қытай шекарасының маңынан бой көтермек.
Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Талдықорғанға жасаған сапары барысында, жергілікті шенеуніктердің Елбасыға «Талдықорған мен Нұркент қалаларын дамытудың бас жоспарын» таныстыру кезінде мәлім болды.
Жоспарға сәйкес, болашақта Нұркент қаласында 100 мың адам тұратын болады деседі.