Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстанда мемлекеттік алимент төлеу қорын құру ұсынылды

Депутат сөз арасында бала тәрбиесімен өзі ғана айналысып отырған көптеген әйелдер тарапынан бұрынғы күйеулерінен алимент өндіріп алуға қатысты арыз-шағымдар соңғы жылдары өсіп отырғанын мәлім етті.

“Қашқын әкелерге” қатысты шектеу нормалары күткен нәтижені бермей жатыр

«Алименттен жалтарушылар қазіргі таңда түрлі айла тәсілдерге барады, жасырынады, жұмыс орындарын ауыстырады, тұратын жерін көрсетпейді. Ал алимент төлеуге міндетті тұлғаға қатысты заңнамалық нормалар да дұрыс атқарылмай отыр. Сонымен қатар, «қашқын әкелерге» қатысты оларды міндеттемелерін орындамағаны үшін бостандығын шектеу нормалары да алимент алушылардың мүддесінен шығып отырған жоқ», дейді депутат Магеррамов.

Оның айтуынша, бұндай олқылықтарды болдырмау үшін алимент төлеуден жалтарушыларды мәжбүрлі еңбекке жегіп, олардың еңбекақысын алименттерді өтеуге аударып отыру керек.

Сонымен қатар, депутат алиментті балаларға ғана емес олардың анасына да төлеу мәселесін алға тартады.

Алиментті балаға ғана емес, баланы туған анаға да төлеу керек

«Осыған байланысты шетелдік озық тәжірибелер бойынша мемлекеттік алимент төлеу қорын құру туралы да ойланатын кез жеткен тәрізді. Ол қордың мақсаты – кейіннен борышкерден өндіру жолдары арқылы бала тәрбиелеп отырған аналарға мемлекет қаражатынан төлемдер аудару. Бұл ең бірінші кезекте баланың қамы үшін құрылатын мемлекеттік көмек болар еді», дейді депутат.

Оның мәліметіне қарағанда, 2015 жылдың қаңтар айында елімізде алименттер өндіру туралы сот орындаушыларына 208,5 мың атқарушылық құжаттары түскен, оның ішінде 14,4 мыңы бойынша ешқандай да алименттер төленбей отыр.

Ал 21 мың адамның төлемеген алимент мөлшері «аса қомақты» екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз