Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Қазақстанда 30 рет ота жасатқан қыз енді көмекті шетелден іздеуге мәжбүр

212

Университетті тәмамдаған Әсел диполмын алып, ең алдымен әке-шешесін қуанту үшін үйіне, Талдықорғанға асығады. Алайда жолда ол мінген көлік апатқа ұшырайды. Көліктің алдыңғы жағында отырған Әсел естен танып қалады. Тек ауруханада есін жинайды. Бір қарағанда ата-анасы келіп тұрған, аяғын кесу керектігін айтқан. Есі кіресілі-шығасылы ол: «Аяғымды сеземін» деп айтуға шамасы келіп, көз жасына ерік берген.

Бірақ ақыры екі аяқтан Әсел айырылып тынады. Әрине, ол өмірінің мұндай ауыр сәтінде өзінің жүрегін жаулап, жанын аялаған жанды іздейді. Өйткені Әсел қайғылы оқиғаға дейін екі апта бұрын жігітімен үйлену туралы жоспарды талқылаған екен. Алайда жігіт ауруханада төбе көрсетпейді.

“Үйлену тойымыздың болуына екі апта қалған. Бәріне дайын едік. Кейін жігітімнің менің құрбыма үйленгенін естідім”, – деген бойжеткен өзіне физикалықтан осы моральдық жайттың өте ауыр тигенін айтты.

Алайда қыздың бүгінгі жайы да мәз емес. 6 жылдан бері Талдықорған тұрғыны Әсел 30 рет ота жасатыпты. Елдің белді емханаларына қаралып көрді. Жарты жыл бұрын оның аяғын бөксесіне дейін кесуге тура келді.

Бірнеше ай бойы Әсел ешқандай ауырсынуды сезбеген. Тіпті жұмысқа да шығыпты. Бірақ, жақында құлап қалып, аяғын қатты іріңдетіп алған. Дәрігерлер аяғын енді жамбасына дейін кесу керегін айтыпты.

«Дәрігерлер менде екі жол барын айтты. Оның бірі: аяғымды жамбасыма дейін кесу. Бұл, әрине жақсы емес. Мен өмір бойы төсекке таңылып жататын боламын. Оны көргеннен көрмеген артық. Немесе Қытайға, өзге елдерге барып емделіп көру. Аяз ата, менің үмітімді ақтап, қайырымды адамдарды табуға көмектесші. Менің протезбен жүре алатындай қалпымды сақтауға қол ұшын беретін жандарды тауып берші. Жаңа жылға маған осынай сый жасашы», – деп жазады Әсел Хусаинова өз хатында.

Әлеуметтік желіге тараған осы хат арқылы Әселдің еміне қомақты қаражат жиналып, Әсел Қытайға емделуге аттанбақ.

«Ешқашан менің қайғыма осыншама адам қарайласады деп ойламаппын. Бәріне алғыс айтамын», – дейді Әсел.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз