Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
5
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Қазақстан қырғыз әйеліне 12 жыл бойына жоғалтқан баласын тауып берді

«26 мамырда Қырғыз Респбликасының азаматы Қазақстан территориясында ұшты-күйлі жоғалтқан өзінің туған баласы Асан Арықбаевпен 12 жылдан кейін қауышты» делінеді хабарламада.

 
Көрші мемлекеттің құзырлы органының баспасөз қызметіндегілер Арықбаевтың өзі «Қазақстан» телеарнасына хабарласып, есін жоғалтқанын, туған-туысын тауып беруді өтініп, көмек сұрағанын нақтылайды.

Телеарнадан бұл азаматты танып, өзінің туысы болуы мүмкін екенін айтқан Қазақстанның және Өзбекстанның бірнеше адамы БАҚ тілшілеріне хабарласқан.

Алайда ДНК сараптама олардың ешқайсысының Арықбаевқа қатысы жоқ екенін дәлелдеді. Тек Қырғыз Республикасы азаматының қан сараптамасы Арықбаевтікіні сәйкес келді. Тілшілер бұл туралы «Айтуға оңай» бағдарламасында мәлімдеді.

Бұдан кейін Алматыдағы қырғыз бас консульдығы Арықбаевтың анасына ұлын отанына қайтаруға көмектесу үшін құқықтық және басқа да қажетті көмектерді беруге әзір екенін мәлімдеді.
Бірер күн бұрын Қарағанды облысында баласын жоғалтқан ақ жаулықты ана тура осындай сүйінші хабармен қуанды. Оның баласы – Мейіржан да есін жоғалтқан болып шықты.

9 жылдан соң Мейіржанды бір сыныптасы Теміртаудан көріп қалып, ата-анасына хабар жеткізген.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз