Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Есінен айырылған қарағандылық азамат 9 жылдан соң үйіне оралды

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасап, zanmedia.kz хабарлайды.

Мейіржан Қалиақпаров полиция жоғары мектебін тәмамдаған соң, Қарағанды облысының Ағадыр ауылының полиция бөлімшесінде жұмыс істейді. Жұмысынан кеткен соң Ақтау ауылындағы зауыттың күзет агенттігіне жұмысқа орналасқан. Ол 2007 жылы 26 жасында жоғалып кеткен.

Туыстары ұлының жоғалғаны жайында полицияға хабарлап, көп болып іздегенмен еш нәтиже болмаған. Жақындары «Жди меня», «Бармысың, бауырым» бағдарламаларына хабарласып, үміттерін үзбей келген. Ақыры бұл үміт ақталды.

Бірде достары өзара әңгімелесіп отырып, Мейіржан жайлы сөз етеді. Сонда сыныптасының бірі оны Теміртаудағы фирмалардың бірінде жұмыс істеп жүргенін айтқан. Кейіннен жақындары оның айтуы бойынша ұлын іздеп тапқан. Алайда, Ақан жадын жоғалтқан болып шыққан.

– Осы жылдар ішінде туыстарым іздеп табатын шығар деп күтіп жүріпті. Ешнәрсе есінде жоқ. Ұлым әр күн сайын өзін тауып алатын шығар деген үмітте болғанын айтады, – деп 9 жыл зарыға күткен әкесі көз жасына ерік берді.

– Біз ұлымыздан артық ешнәрсе сұрамауға тырысып жүреміз. Ол өте тұйықталып кеткен. Осы жылдар ішінде оның қалай өмір сүргенін елестете де алмаймын. Ол 26 жасында жоғалып кетіп еді, енді оның жасы 36-ға толғалы отыр», – дейді Мейіржанның анасы.

Олар енді ұлының денсаулығына көңіл бөліп, жоғалтқан есін қалпына келтіруді қолға алмақ.

– Қазір оның құжаттарын реттеуіміз керек. 9 жыл бойы іздеуде болғандықтан құжатын қалпына келтіру де қиын болып тұр, – дейді анасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз