Қазақстаннан жөнелтілген 500 тонна гуманитарлық жүк Тартус порты арқылы Сирияға жетті деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.
Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмекті Сирияда ресейлік әскерилер қабылдап алған. Ұн, консервіленген ет, күріш, макарон өнімдері, шәй тиелген жүкті күтіп алған әскерилер оны әрі қарай Алеппо, Латакия және Тартус провинцияларына жібермек. Гуманитарлық көмектің халыққа таратылуын Сириялық арабтық Қызыл Жарты ай ұйымы қадағалайтын болады.
Сириядағы азаматтық соғыс алтыншы жылға созылып барады. 400 мыңнан астам адам қаза тауып, миллиондаған халық елін тастап, босып кетті.