Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
8
USD
432
+2.31
EUR
506
+3.43
RUB
5.52
+0.10

Қазақстан шекарашылары Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинмен кездесті

Дмитрий Баландин көршілес Қырғыз еліне сапарлап, қайтып келе жатқан беті екен, осыны естіген Қордай отрядының командирі міндетін уақытша атқарушы подполковник Қаржаубаев оның алдынан шығып, жоғары наградасымен құттықтап, шекарашылармен кездесу ұйымдастырды.

Шекарашылар алдында сөз сөйлеген чемпион Олипиада кезіндегі өзінің әсері, спорттағы табыстары туралы әңгімеледі.

– Мен таблоға ұзақ қарағанымды әлі ұмытпаймын, өз көзіме өзім сенбедім, мүмкін қателік болар деп ойладым. Қателік емес екендігіне көзім жеткен соң бойымды Тәуелсіз Қазақстан үшін қуаныш биледі! – деп атап өтті Дмитрий Баландин.

Кездесу соңында чемпион «Құрметті қонақтар кітабына» өзінің қолтаңбасын қалдырып, қазақстандық шекарашылардың қызметіне табыс тіледі.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз