Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақстан мен Қытай арасында жерді жалға беру туралы келісімге қол қойылмаған

Отырыс барысында комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан «Қытайға жерді жалға беруге қатысты келісімшарттарға қол қойылған» деген мәселеге министрден түсінік беруді сұраған болатын.
«Қытайдың ауыл шаруашылығы министрлігіне қарайтын карантин жөніндегі бас басқарма бар. Оның мәртебесі министрлікпен бірдей. Біз сол басқармамен арнайы жұмыс жоспары туралы қол қойғанымыз рас. Ол министрліктің тікелей жұмысы. Онда негізінен Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттықты дамыту. Өздеріңіз білесіздер, Қытай әлемдегі үлкен экономиканың бірі. Ал осы нарықпен шекаралас бола тұра, оны қаншалықты тиімді пайдаланып отырмыз? Осы мүмкіндікті пайдалануға біз жақындай түстік. Онда негізінен шектеулерді алып тастау туралы мәселелер көтерілген болатын», деді А. Мырзахметов.
Оның айтуынша, келісімшарт негізінен қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын Қытайға жеткізуге бағытталған жеңілдіктерді қамтиды. Осыған байланысты Қытай тарапынан арнайы комиссия да келген екен.
«Жалпы Қытай мал өнімдеріне, органикалық өнімдерді сатып алуға қызығады. Одан неге бас тартуға тиіспіз? Кәсіпорындарымызды аралады, өздерінің нарығына қаншалықты сатуға болатынын тексерді. Сосын осы шараларды реттеу үшін біз Қытаймен келісімге келіп отырмыз, алайда онда жерге, жерді өңдеуге қатысты ешқандай да баптар қамтылмаған», деді А. Мырзахметов.
Бұл ретте министр бұған дейінгі қол қойылған келісімшарттардың барлығы да жалпы сауда-саттық бағытында екенін атап өтті. «Қол қойылған меморандумдардың барлығы халықаралық келісімшарт емес. Оның құқықтық статусы жергілікті заң арқылы ғана рәсімделеді. Яғни, қол қойылған құжаттар бойынша жерге қатысты ешқандай мәселе туындамайды», деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз