Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан медицинасы заманауи менеджментке негізделіп жатыр

255

Қазақстан Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамының» 81-тар­мағында жеке медицинаны, ден­саулық сақтау мекемелерінде кор­поративті басқаруды дамыту қажеттігі айтылған. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін 2016-2019 жыл­дарға арналған «Денсау­лық» мемлекеттік бағдар­лама­сында заманауи жағдайда мем­лекеттік денсаулық сақтау меке­мелерінде басқару тиімділігін арттыру тәсілдері көрсетілген.

Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметі бойын­ша, (ДДСҰ) денсаулық сақтау са­ласына жұмсалатын шығындар жыл сайын артып келеді. 1997 жылы бұл көрсеткіш 2 триллион 985 миллиард доллар (ішкі жал­пы өнімнің 8 пайызы) болса, 2005 жылы 5,1 триллион доллар болған. ДДСҰ халықтың ден­саулығына ішкі жалпы өнімнің 6-6,5 пайызын бөлуге кеңес бе­реді. Дегенмен денсаулық сақтау саласы ең қымбат саналатын АҚШ медициналық көмекке ІЖӨ-нің 16 пайызын жұмсайды, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 19,5 пайызды құрайды деген болжам бар.

Дегенмен ДДСҰ бағалауы бойынша, денсаулық сақтауға бөлінетін қаржының 20-40 пайызы тиімсіз жұмсалады. Қаржы көздерін ұтымды жұмсау арқылы медициналық көмектің сапасын арттырып, ха­лықтың денсаулығын жақсар­-туға болар еді. Экономикалық дамыған елдер денсаулық сақтау жүйелеріне жұмсалатын шығын­дарды азайтуға емес, қолда­ныс­тағы ресурстарды тиімді пайда­лануға ерекше мән беруде.

Қазақстандық денсаулық сақтау саласы жаңа эконо­ми­калық жағдайға сай жұмыс істеу жүйесін қайта қарауда. Жеке медицинаның қарқынды дамуы, мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің шаруашылық жүр­­гізу құқына өтуі, корпора­тивті басқару жүйесінің енгізілуі аурухана, емхана басшыларына жаңа талаптар қоюда.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ме­ди­циналық ұйымдардың қар­жы­лық тұрақтылығын, ашықтығын, ал ең бастысы қазақстандық аза­маттарға көрсетілетін медици­налық қызмет сапасын қамтама­сыз ететін басшылардың жаңа форматын қалыптастыруға үл-кен мән беріп отыр.

Бұл міндеттерді шешудің нақ­ты тәсілдері 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемле­кеттік бағдарламасында көрініс тапқан. Саладағы үрдістерді стра­тегиялық тұрғыдан талдап, көреген шешім қабылдай ала­тын, заманауи басқару әдістерін меңгерген менеджерлерді да­йындау 2011 жылдан басталды. Сол жылы Үкімет пен Дүние­жү­зілік банктің бірлескен жобасы­ның аясында елімізде Менедж­мент орталығы құрылды. Орта­лықтың басты мақсаты – денсау­лық сақтау мекемелерінде за­ма­науи басқару технологияларын ен­гізу. Орталықтың жоғары бі­лікті мамандары денсаулық сақ­тау саласындағы тәуекелдерді болжамдап, менеджментті да­мытудың жүйелі мәселелерін зерт­тейді, денсаулық сақтау ме­кемелеріне қажетті әдістеме­лер­ді дайындайды.

2014 жылы Менеджмент орталығы 36 елдің қатарында осы саладағы ең белді халықаралық ұйымдардың бірі Еуропалық менеджмент қауымдастығына (ЕНМА-EuropeanHealthManagementAssociation) мүше болды. Осы жылдар аралығында бар­-лық деңгейдегі менеджерлерді дайындаудың тұрақты да, тиімді жүйесін құруға бағытталған үлкен жұмыстар атқарылды. Түрлі деңгейдегі медициналық қызметкерлердің, медициналық оқу орындарының оқытушыла­рының кәсіби біліктілігін арт­тыру бағдарламалары жасалып, олар қаржылық менеджмент, қыз­меткерлерді оңтайлы бас­қару, маркетинг, стратегиялық жоспарлау, өндірісті үнемді бас­қару әдістерін меңгерді. Жалпы, орталық құрылған сәттен бастап 7 мың маман кәсіби біліктілігін көтерді.

Орталық арнайы әдістемелік талаптарға сәйкес дәрістеме, се­минарлар ұйымдастырып, тәжі­рибелік сабақтар өткізеді. Цикл­дердің мазмұны мен оқу әдісте­месі, оқу тиімділігін са­раптау Ұлыбританияның EPOSHealth­Management консалтинг­тік ком­паниясының кеңестеріне және ҚР ДСДӘМ ұсыныстарына не­гізделген. Денсаулық сақтау ме­неджментін теориялық білімі жұмыс тәжірибесіне сай жоғары білікті дәріскерлер оқытады.

Жат­­тықтырушы ретінде отан­дық сарапшылармен қатар, шетелдік мамандар да шақы­рылады. Олардың ішінде ҚР ДСӘДМ вице-министрі Е.Бір­та­нов, Назарбаев университетінің, Ұлттық медициналық холдинг­тің топ-менеджерлері, ҚР Ұлт­тық медициналық палатасының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, медициналық жоғарғы оқу орын­дарының профессорлық-оқы­тушылық құрамы, Денсау­лық сақтауды дамыту орталы­ғы­ның басшылары бар.

Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында Қазақстанда мемле­кет­тік медициналық ұйымдарға ша­руашылық жүргізу құқын беріп, оларда қадағалау кеңестерін құру арқылы, корпоративті басқару жүйесіне көшіру қарастырылған. Корпоративті басқару меди­ци­налық, ағымдық, қаржылық қыз­мет түрлерін нақты бөлу арқылы клиниканың да, оның акционер­лерінің де басқару органдары­-ның есеп беруін, шешімдердің өзара келісіммен, ашық қабыл­да­нуын қамтамасыз етеді. Сон­дық­тан денсаулық сақтау менед­жер­лерін дайындау барысында кор­поративті басқару және басқару біліктілігіне ерекше мән беріледі.

Жыл басынан бері Менедж­мент орталығы «Денсаулық» бағдарламасы мен ҚР ДСӘДМ Жол картасының аясында 4 оқы­ту семинарларын ұйымдас­тыр­ды. Семинарларға республи­ка­ның барлық өңірлерінен 200-ден астам тыңдаушы қатысты. Олар­дың арасында денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары мен орынбасарлары, қадағалау ке­ңес­­терінің хатшылары, мемле­кет­тік медициналық мекеме­лер­дің жетекшілері мен оқу орын­дарының, ғылыми орталықтар­дың жетекшілері бар.
Медициналық ұйымдардың шаруашылық жүргізу құқына өтуі басшыларға үлкен жауап­кершілік жүктейді және меке­-мені басқарудың әдіс-амал-дарын қайта қарауды қажет етеді.

Бәсекеге қабілеттілікті арттырып, қаржылық тұрақ­сыздықты қамтамасыз ету үшін стратегиялық жоспарлау мәсе­лелеріне ерекше мән беру қажет. Шаруашылық жүргізу құ­қын­дағы мемлекеттік кәсіпорын­дар­дың стратегиялық даму және ағымдық жоспарларын жасау­-дың ортақ тәсілдерін қалып­тас­тыру мақсатында Менеджмент орталығының авторлық ұжымы әдістемелік кеңестер жинағын дайындады.

ҚР Еңбек кодексіне сай 2016 жылдың 23 тамызында Білік­ті­ліктің салалық шектемелерінің қайта қаралуына орай, «Ден­саулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша кәсіби стандарттар жобасы жасалып, Қазақстанның денсаулық сақтау саласы кәсіподағының әлеумет­тік әріптестік және еңбек қаты­настарын реттеу жөніндегі сала­лық комиссиясымен және ҚР Ұлттық Денсаулық сақтау пала­тасымен келісілді. Сонымен қа­тар биыл Менеджмент орталығы Ресурстарды басқару регистрі­-нің негізінде денсаулық сақтау ме­неджерлерінің мәлімет базасы жасалды. База жүйелі түрде жа­ңартылып отырады. Кадрлық ре­зерв және оны қалыптастыру тәртібі жасалды.

Осылайша, Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің «Ұлт жос­пары: 100 нақты қадам» бағдар­ламасында бекітілген медици­на­лық ұйымдарды корпоративті бас­қаруға көшіру және денсау­лық сақтау менеджментін дамыту туралы міндеті 2016-2019 жыл­дар­ға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясында сәтті жү­зеге асырылуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз