Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан Кореямен бірлесіп электронды үкіметті дамытпақ

Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Шара барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиясы саласындағы ведомстволардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шамамен 15 елден әлемнің жетекші ғалымдары мемлекеттік қызметте инновацияны енгізуге қатысты түрлі мәселелерді талқылап, тәжірибемен бөліседі.

Айта кетейік, аталған форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Корея Республикасының Мемлекеттік басқару және ішкі істер министрлігі арасында электрондық үкімет саласында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөнінде Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Дәурен Абаев пен Хонг Юн-сик қол қойды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялыр министрлігінде аталған меморандумның ақпараттық-коммуникациялық салада Корея Республикасымен серіктестік қатынастарда жаңа қадам болу қажеттігін, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда болжамды мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесудің қажеттігін, сондай-ақ тәжірибемен алмасуға, инвестицияларды тартуға және АКТ жобаларын іске асыруда консультациялық қолдау көрсетуге ықпал көрсетуінің қажеттігін хабарлады.

Құжатқа қол қою кезінде тараптар ақпараттық-коммуникациялық технология саласында халықаралық ынтымақтастықтың үлкен әлеует екенін атап өтті, сондай-ақ әрі қарай бірлескен жұмыстың тереңдетілуіне қызығушылықтарын білдірді. Рәсімнің қорытындысы бойынша Д. Абаев өзінің әріптесін ресми сапармен Қазақстан Республикасына келуге шақырды.

Еске сала кетейік, Корея Республикасы электрондық үкіметті дамыту мен енгізу бойынша әлемнің көшбасшысы болып табылады (2010, 2012, 2014 жылдары E-Government Global Survey БҰҰ есебі бойынша 1 орын, 2016 жылы 3 орын). Қазіргі уақытта Корея Республикасы «Үкімет 3.0.» саясаты – мәліметтерді бірлесіп пайдалануға, ашықтыққа, коммуникацияға және ынтымақтастыққа бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз