Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан Халқы Ассамблеясы өкілдері Мәскеуге ат басын тіреді

Шара барысында Ералы Тоғжанов ресейліктерді Халық бірлігі күнімен құттықтады.

«Қазақстан мен Ресей тек стратегиялық серіктестік, достық байланыста ғана емес, сондай-ақ, қарапайым адамдар арасындағы қарым-қатынастарымен ерекшеленетін мемлекеттер. Бүгінде миллиондаған қазақтар Ресейде өмір сүрсе, миллиондаған орыстар Қазақстанда тұрады. Бұл – Қазақстан мен Ресей халықының бауырластығы, өзара сенімі мен құрметінің белгісі», – деді ол.

Делегация мүшелері РФ Президенті әкімшілігінің басшысы, РФ Президенті жанындағы ұлтаралық қатынас бойынша кеңестің жауапты хатшысы М.Магомедовпен, РФ Мемлекеттік Думасы ұлттар жөніндегі комитеттің төрағасы И.Гильмутдиновпен, ұлттар ісі жөніндегі федералды агенттігінің меңгерушісі И.Бариновпен, Ресей халықтары Ассамблеясының төрағасы С.Смирновамен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Ресейдің өзара ықпалдастығының өзекті мәселелері, қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз етудегі, азаматтық біртектілік пен бірлікті нығайтудағы тәжірибе, ынтымақтастықтың жаңа векторлары, сондай-ақ, И.Баринов бастаған 11 қарашаға жоспарланған ресейлік делегацияның Қазақстанға сапары талқыланды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз