“Қазақстан экономикасының ашықтық деңгейі 2008 жылмен салыстырғанда екі есеге төмендеген” деп хабарлайды Finprom.kz.
2003-2008 жылдары отандық экономика әлемдік экономикаға 74-83 пайыз деңгейі көрсеткішінде кіріккен еді. Алайда 2008 жылдан соң экспорт та (39 пайыз немесе 28 млрд $) импорт та (25 пайыз немесе 9,5 млрд $) күрт төмендеп, Қазақстан экономикасының жабық болуына түрткі болған. 2009-2012 жылдары сыртқы сауда-саттықта ілгерілеу болғанымен, экономиканың ашықтығы мәселесі сол қаз-қалпында өзекті болып қала берген.
“2012-2014 жылдары экономика ашықтығы деңгейі едәуір нашарлаған, әсіресе 2015 жылы жағдай қиындай түскен. Ол кезде Қазақстанның тауар айналымы жылдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенділіктің 13,3 пайызын құраған. Бұл төмен көрсеткіш мемлекеттің Еуразиялық кеңістік пен Кеден одағы сынды интеграциялық тетіктерді барынша қолданып баққанына қарамастан орын алған” дейді сарапшылар.
“Қазақстан экономикасының әлеммен кірігуі төмендегенімен қоймай, елдің сауда-саттық – Тауарларға, сол секілді әріптес-елдеріне қатысты әртараптандырылған Қазақстан импорты сыртқы әсерлерге экспортқа қарағанда төзімді болып шықты. Былтырғы мемлекеттің орташа айлық сауда-саттық көлемі 2013 жылғы көрсеткіштің 54 пайызын ғана қамтыған. 2015 жылдық орташа айлық импорты 2013 жылғы көрсеткіштің 62 пайызын құрайды” деп жазады басылым.