Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстан да КСРО-ны сағынып жүр екен! Зерттеу нәтижелері

210

Бұл екі елдің жұртшылығы Ресей Федерациясымен сауда және өнеркәсіп салаларындағы байланыстарын үзгенді қаламайды.

Нәтижесінде,

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының орта және аға буын ұрпақтары посткеңестік кеңістіктегі интеграцияны тереңдетуді қолдап отыр

Олардың есебі қарапайым: достық пен өзара әрекеттесу Ресейдегі, Қазақстандағы және Қырғызстандағы өндірістік өнеркәсіптің өсуіне бастау болады. Ал бұл, өз кезегінде, осы елдердегі тұрмыс деңгейін көтереді.

products_images-856-e1471858419493

«Қазақ КСР-не 40 жыл» пошта маркасы

Өзбекстан КСРО-ны көксемейді

Қызықты жәйт, Өзбекстан тұрғындарының басым көпшілігі келесі ұстанымда:

Ислам Кәрімов Өзбекстан президенті болып сайланғаннан кейін адамдардың тұрмысы елеулі жақсарды

18-ден 24-ке дейінгі жас мөлшеріндегілер де (89 пайыз), 35-тен 64-ке дейінгі жас шамасындағылар да(91 пайыз) осындай пікірде.

Сарапшылар мұндай нәтиженің жауабы қарапайым деген ойда. Тіпті, кемелденген жасқа жеткен қариялар да өткенді көксемейді. Өйткені олардың тұрмысы сол замандағыдан кем емес. Ал егер 1991 жылдан кейін Өзбекстаннан көптеген өзбек емес маммандардың (славяндар, немістер, гректер, еврейлер) елден көшіп кеткенін ескерсек, тұрмыс одан да жақсара түсті — ұлттық кадрларға орын босады.

«Әрине, елдің жабық жағдайда өмір сүруі, сонымен қатар режимнің қатаң сипатта болуы да өз әсерін тигізбей қойған жоқ, — деп атап өтті әлкуметтанушылар. — Дегенмен адамдардың осындай бір ауызды болуы, оның үстіне, жасырын әрі шетел журналистері тарапынан алынған жауаптар үшін, нәтиже өте біркелкі».

Ogonek-43OCT1974

бүкілодақтық «Огонёк» журналының мұқабасы, 1984 жыл

Тәжікстан: кеңес заманы – аңсайтын заман емес

Өзбекстан тұрғындары сияқты Тәжікстан халқы үшін (басқа аймақтардың тұрғындарынан бөлек), КСРО кезеңі құрдымға кеткен «жақсы заман емес». Ол аз болса, қазіргі кезең Тәжікстан азаматтарына бұрын олардың түсіне де кірмейтін көптеген мүмкіндіктер сыйлады. Сондықтан

Тәжікстан халқы жалпы КСРО-ға қарсы дауыс береді

Атап айтарлығы, егер 18 — 24 жас аралығындағы жастар үзілді-кесілді қарсы болса (84 пайыз), 35-тен 64 жас шамасы аралығындағылардың 55 пайызы «қарсы» дауыс берсе, 39 пайызы қолдау білдірген.

Халық кедей болған сайын Кеңес Одағын көбірек көксейді

Молдавия Республикасы — жастары КСРО-ға оралуды ересектерден көбірек аңсайтын бірден бір ел. Жастардың 69 пайызы Кеңес Одағына оралуға ниет білдіруде. Ересектер арасындағы көрсеткіш мүлдем бөлек: олардың 60 пайызы оралуды қолдаса, 32 пайызы оған қарсы болған. Атап айтарлығы, Украинада кезекті революция орын алғанға дейін Молдова ТМД-ғы ең кедей ел болған.

«Менің ойымша,

Молдовадағы жастар арасында КСРО жақтастарының көп болуы „КСРО кезінде жұмыссыздық болған жоқ, мемлекеттің әлеуметтік қолдауының деңгейі, тұрмыс жағдайы жоғары болды„ деген әңгімелерді естігеннен кейін орын алатын түңілушіліктің салдары болуы мүмкін,

өйткені бүгін мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау мүлдем жоқ», — дейді сараптама нәтижелеріне түсініктеме берген RT агенттігінің шолушысы Ростислав Ищенко.

Украинада да КСРО-ға қатысты осындай ахуал қалыптасқан. Ол жақта да аға ұрпақ өкілдерінің 60 пайызы КСРО-ны қолдаса, жастар дауыс беруге қатысуға ынтық емес: қатысқандардың 18 пайызы КСРО-ны қолдаса, 39 пайызы — қарсы болған.

1356066761_12-e1471859535771

«Шарап және би» — 25 жыл бұрынғы Молдавияның бетке ұстар дүниелері

Ресей мен Беларусь: енжар аңсау

Ресей мен Беларусь ұқсас нәтиже көрсетіп отыр. Ресейде ересек азаматтардың 64 пайызы КСРО-ны көксесе, 28 пайызы қарсылық білдірген. Жастар арасында бәрі керісінше — 28 пайызы КСРО-ны аңсаса, 63 пайызы оған қарсы. Беларусьтегі дауыс беру төмендегідей нәтиже көрсеткен: жастар — 34 пайыз қолдау көрсетсе, 57 пайызы қарсы болған, ересектер — 53 қолдаған, 28 пайызы қарсы болған.

Беларусьтердің өздерінің қазіргі отанына деген махабатының сырын түсіну соншалықты қиын емес: Ресейдегі әлеуметтік қолдау Беларусьтегіден әлдеқайда төмен.

Александр Лукашенко кеңестік стандарттарды сақтап қана қоймай, оларды жақсарта білген

Сондықтан Беларусьте КСРО-ны аңсайтын адамдар Ресейге қарағанда, едәуір аз.

490e632s-960-e1471861640126

Кавказ торабы

КСРО-ға оралуға ниет білдіру бойынша осыған ұқсас жағдай Арменияда (жастар: 47 пайызы КСРО-ны қолдаса, 48 пайызы қарсы болған, ересектер: 71 пайызы — қолдаса, 23 пайызы — қарсы болған) және Әзірбайжанда (жастар: 14 пайызы КСРО-ны қолдаса, 68 пайызы қарсы болған, ересектер: 69 — қолдаса, 29 — қарсы болған) қалыптасқан. Мұнда да негізінен аға ұрпақ өкілдері КСРО-ны қайтаруды қолдаған. Түптеп келгенде, бұл олардың кеңестік қамсыздандыру жүйесін аңсайтынын көрсетеді.
Алайда

басты фактор — Қарабақтағы бітпейтін соғыс. Сондықтан адамдар, қалай болған жағдайда да, соғысқа дейінгі тұрмыстың жақсы болғанын еске алады

Бұл ретте Грузия мемлекеті мүлдем бөлек тұр — ол соншалықты дәулетті мемлекет емес, оның үстіне, КСРО ыдырағаннан кейін аумағының бір бөлігінен айырылды. Мұнда грузиндердің аға буыны қайсысын қолдауды білмей отыр (51 пайызы КСРО-ны қолдаса, 46 пайызы қарсы болған), ал жастар әлдеқашан тәуелсіздік жолын таңдаған (20 пайызы КСРО-ға қолдау білдірсе, 79 пайызы қарсы болған).

regnum_picture_1466100736328794_normal

1970-жылдардағы кеңес плакаты

«Кеңес идеясы» қашан құрдымға кетеді?

Сонымен нәтижесі не болды? Иә, солай, түптің түбінде «кеңес идеясы құрдымға кетеді». КСРО-ны қайтаруға жастардың дені қарсы. КСРО-ны қайтаруды кедей елдердің халқы көксейді — дәулеттілердің жағдайы онсыз да жаман емес.

Солай десек те, қазір Орта Азия елдеріндегі тұрмыс кеңес кезеңіндегіден жаман емес, сондықтан халық елдегі билікті қолдайды. Ендеше, посткеңестік кеңістіктегі тұрмыс осындай бейбіт әрі қалыпты жағдайда дамитын болса, онда 25-30 жылдан кейін КСРО-ны көксеушілер көзден ғайып болады.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz медиа-порталынан оқыңыз

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз