Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақстан ақшасын аяған шахматшы қазақ қызға Ресей үй берді (фото, видео)

269

Баспана кілтін округ басшысының міндетін уақытша атқарушы Дмитрий Волошин тапсырды.

Еске салайық, қазір Бибісара Асаубаева жарыстарға РФ атынан қатысады. 2016 жылдың 30 қазаны күні Бибісара Ресей туының астында сынға түсіп, кезекті рет әлем чемпионы болды. Бұл жаңалық Қазақстан халқын бір дүрліктіріп, әлеуметтік желіде Бибісараны Ресейге ақша үшін кетті деген болжам тез тарап кетті. Алайда көп ұзамай Бибісараның анасы БАҚ-қа сұқбат беріп, мән-жайды түсіндірген еді.

Шахматшының анасы бұған ақшаның, яғни, қаржылық мүдденің ешқандай қатысы болмағанын нақтылап айтты. Жағдай 2015 жылғы қазанда, Қазақстан шахмат федерациясы басшылығының алмасуына байланысты ушыққан. Ол кезде Әсет Исекешев бұл лауазымнан кетіп, оның орнына Ғалымжан Есенов тағайындалады. Әрине, ол өзімен бірге өз адамдарын ала келеді. Осыған байланысты, мұндағы өмір қалпы бұзылады.

Жарыстарға жібермей қояды немесе ол туралы алдын ала ескертпейді, шәкіртақысын қысқартып тастайды, тағысын тағы. Арада осындай көп дау-дамай болады. Сондықтан Бибісарының анасы бұл жайттар баласына, оның кәсібіне кері әсер етпес үшін Ресейге кеткен. Онда да олар тек федерацияны ауыстырған, бірақ Қазақстан азаматтығынан бас тартпаған.

20161103_092243

Осы кезде Сергей Нестеров шахматшы қызға Қазақстаннан Мәскеу облысының Шахмат федерациясына ауысуды ұсынған. Мәскеу облысының Шахмат федерациясына қабылданған шахматшылар баспанамен қамтамасыз етіліп қана қоймай, Дворкович қонақжайында тұрақты түрде әрі тегін жаттығуға мүмкіндік алады. Баспана жаңа салынған көпқабатты үйден берілді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз