Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақшасы қате жарнамалар құрсын дейді! Енді жарнаманы тегін жазып беретін сайттар ашылды

997

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы тілдері фестивалі тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов мәлімдеді, – деп хабарлайды Baq.kz.

«Кәсіпкерлер Tilalemi.kz және Emle.kz порталының көмегіне жүгіне алады. Яғни, порталда әдіскерден, ғалымнан көмек деген айдар бар. Аударуы қиын немесе құрылымы күрделі сөйлем болса, осы порталдың көмегіне жүгіне алады. Біздің мамандар мәтінді аударып, сауаттылығын тексеріп, қарап беруге әзір. Ондай көмекті тегін көрсете аламыз», – дейді ол.

Сонымен қатар, орталық директорының кеңесшісі Оразкүл Асанғазы қазақ тілінің тек аударма арқылы дамымайтынын айтады. Оның пікірінше, жарнама бірден қазақ тілінде жасалу керек.

«Біздің орталық келешекте, егер кез келген кәсіпкер «маған жарнама жасап бер десе», біз соны қазақ тілінде сапалы түрде жасап береміз. Аударма ешуақытта дұрыс болмайды. Еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл болды. Аллаға мың қайтара шүкір, ғалымдарымыз бен материалдық базамыз жеткілікті. Кәсіпкерлер Tilalemi.kz және Emle.kz сайттарына өтініштерін жібере алады. Біз жарнаманы сапалы, көпшілікке түсінікті етіп жасап береміз. Тек қана, бізге өтініш білдірсін. Кейін оны орыс тіліне аудара алады.

Аударманы біз ұмытуымыз керек. Аудармамен қазақ тілі ешуақытта дамымайды, өркендемейді.

Сондықтан, біз кәсіпкерлерге осы сайттардың көмегіне жүгінуін сұраймыз. Қызмет тегін көрсетіледі», – дейді орталық директорының кеңесшісі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз