Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақ мектебі vs орыс мектебі. Грантты қалай бөлеміз?

FDF0879D-E9E3-4971-A1D1-307D0657401E_mw800_s

Әзімбай Ғали

– Мәселен, бұған дейін “Көлiк, көлiктiк техника және технологиялар” мамандығына қазақ баласы Мейiрбек Нағашыбек 73 балмен түссе, дәл осы мамандыққа орыс баласы Игорь Севостьянов небәрi 56 балмен iлiнген болатын. Бір мамандықта оқитын Мейiрбек пен Игорьдің балдық айырмашылығы 17 балл болып тұр. Бұл, әлбетте, оқушының құқығын аяқ асты ететін жағдай. Сондықтан бұл мәселені министрлік тез арада шешу керек.

Бұл белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғалидың сөзі.

– Кезінде, Жақсылық Құлекеев министр болып тұрғанда, гранттар 60/40 пайызбен берілуі керек деп мәселе көтергенбіз. Ол кездегі жағдайда бұл дұрыс болатын.

Қазір қазақ мектебіне баратын балалардың үлес салмағы 90 пайызға жетті. Ал қалған 10 пайыз оқушы орыс мектебінде оқып жүр.

Оның үстіне, орыс мектебін бітірген оқушы білім алу үшін Ресейге кетіп қалып жатыр. Осының арқасында елде қалған балаларға грантқа түсу жеңілдеді. Алайда елімізде қазақ тілін білмейтін маманды жұмысқа алу қиындағанын қаперден шығармаған жөн. Мәселен, жақын бір танысымның баласы қазақ тілін білмегеннен кейін жақсы жұмысқа бара алмай қалды. Бұл дегеніміз – елімізде орыс тілінде оқып, қазақ тілін білмеген маман ұтылады. Сондықтан

министрлік гранттар санын 60/40 емес, 80/20 пайыз бойынша бергені жөн,

– дейді Әзімбай Ғали.

f149f5011393913f911252f90bb18faa

Қуандық Шамақай

Алайда журналист әрі оқытушы Қуандық Шамақай саясаттанушының пікірімен келіспейді. Ол мемлекеттік оқу грантын тек қазақ тілінде білім алатын оқушыларға берілу керек деген пікірде.

– Мысалы, қазақ мектебін бітірген бала мемлекеттік грантқа 90 балмен әрең ілінсе, орыс мектебінің түлегі дәл сол мамандыққа 70 балмен түсіп жүр. Мемлекеттік оқу гранты мектеп бітірген түлектердің үлес салмағына байланысты 70-30, тіпті 80-20 пайыз бойынша берілуі керек деп жүр. Бірақ менің пікірім мынау –

мемлекеттік грант орыс мектебін бітірген оқушыға мүлдем берілмеуі керек.

Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік грантты мемлекеттік тілде білім алып жүрген кез-келген азамат алуы қажет. Ал орыс тілінде білім алып жатқан оқушыларға мемлекеттік оқу грантын бөлудің қажеті жоқ,

– дейді Қуандық Шамақай.

Қуандық Шамақайдың ойының іске асу-аспауы екіталай. Өйткені, қазіргі министр Ерлан Сағадиевтің қазақ және орыс мектебінің оқушыларын бөлмей, жалпы конкурсқа жіберетінінің өзі «ерлік» болып отыр. Алайда министр мырза тың бастамасын жүзеге асыруды биылдан бастамай, келер жылға ысырып отыр. Ал келер жылы кімнің министр болатыны тағы белгісіз.

Бізге белгілісі – президент өз Жолдауында «2020 жылға қарай мектеп түлектерінің 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі керек» деп, Үкіметке тапсырма берген болатын.

78dd89adb2c7b96f3948594568e8bc01_big

Фото: voxpopuli.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз