Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақ халқы білім министрі Сағадиевке неге сенбейді?

Реформалар, реформалар және тағы да реформалар. Бір жерден көрген, бір жерден естіген сияқтымыз. Иә, естігенбіз. Сағадиев те осы министрлікте өзінен бұрынғы адамға қатты ұқсайды. Ол да сөйткен…

Сонымен, Сағадиев қандай уәде берді? Жіліктеп жеткізейікші.

Біріншісі. Алдағы үш жылда Қазақстандағы орысша оқитын 500 мың оқушы қазақша сөйлейтін болады.

Екіншісі. 2019 жылға қарай, балабақша кезегі жойылады.

Үшіншісі. 2020 жылы оқушылардың 90 пайызы, студенттердің 100 пайызы интернетпен қамтамасыз етіледі.

Және төртіншісі. 2021 жылы мемлекеттік үлгідегі дипломдарды беруден бас тартамыз.

Міне, Сағадиев осылай дейді.

Біз мұны министрдің уәде бергені деп түсіндік. Министр деңгейіндегі адамның айтқан сөзі желге ұшпайтын шығар…

Айтты ма, орындайды. Орындауы керек. Уәденің миссиясы сондай өзі.

Сағадиевтің уәделерінің ішінде бізге “орысша оқитын 500 мың баланы қазақша сөйлеткелі отырған” бастамасы ұнады. Дұрыс қой енді.

Тәуелсіз елде өмірге келген ұрпақтың қазақша сөйлейтін жөні бар ғой.

Алайда айтуға оңай. Сағадиевтің алдағы үш жыл дегені – 2019 жыл. Көріңіз де тұрыңыз, өте шығады. Үш жылдың ішінде  орысша ойлайтын, орысша түс көретін 500 мың оқушыны қазақша сөйлетпек, Сағадиев. Бірақ, қалай?

25 жыл бойы қазақша сөйлемеген, ұрпағын да сөйлетпеген әлгі 500 мың оқушының ата-анасы Сағадиевтің сөзінен кейін өзгеріп шыға келеді дегенге кім сенеді?

Сонда, Сағадиевтің өзі сол мерзімге дейін осы орынтағын сақтап қаларына сенімді ме?.. Бізде солай ғой, білесіз.

Сосын, оның орнына келген өзге біреу Сағадиевтің бастап бергенін жалғастыруға құлықты болар ма екен? Айталық, Сағадиевтың өзі Сәрінжіпов бастап кеткен қай реформаны аяғына дейін жеткізді?

Өткенге үңілсек, осы министрліктің креслосына отыратындардың бірде-бірі өзінен бұрынғылардың бастап бергенін жалғастырмаған. Барлығы реформамен келген. Барлығы тау қопаратын сияқты көрінген.

Солай.

Қазақ “арық сөйлеп, семіз шық” дейді. Көрейік. Күтейік.

red_ministr_foto

 

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз