Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Аяғымды бастың…”. Алматыда тауарларды тегін таратып жатқан дүкенге кісілер лап қойды

389

Нағима Тасболатова – көп балалы ана. Ол үшін мұндай дүкен үлкен көмек болды. Нағима бес баласын киіндіруге қиналып қалатынын мойындады. Оған біршама қаржы керек екені жасырын емес. Ендігі ол аталған дүкеннен тегін киімдер ала алады.

«Бұл біз үшін өте маңызды. Базардағы киімдердің бағасы қымбат. Мұндай дүкеннің ашылғанына қуанып тұрмын. Бұл істі қолға алғандардың барлығына Алла денсаулық берсін!» – дейді Алматы тұрғыны Нағима Тасболатова.

Ал кардиолог дәрігер Ержан Түзелбаев қазіргі уақытта қайырымдылық жобасына бар уақытын жұмсауда. Ол тегін дүкен ашу туралы бірнеше жыл бойы ойлап жүрген. Сөйтіп базарлардың бірінің әкімшілігіне келіп, жөнін айтқан екен. Базар әкімшісі қайырымдылық жобасы үшін орын бөліп беріпті.

https://kaz.365info.kz/k-jeui-ajda-au-anstanda-d-kenge-zhal-yz-kelgen-jeldi-basyn-kesip-tastady-243337

«Көмектесетін адамдар пайда болып, заттар жинадық. Күніне кемінде 50 адам келеді. Сонымен қатар жүре алмайтын науқастар немесе қариялар бар. Оларға үйіне жеткізіп беру керек. Сондықтан заттарды үй-үйге жеткізетін еріктілер іздестіріп жатырмыз», – дейді қайырымдылық жобасының бастамашысы Ержан Түзелбаев.

Әлеуметтік дүкен «Өжет» базарында орналасқан. Мұнда аяқ киімнен бастап тамаққа дейін барлығы бар. Қайырымдылық жобасын кәсіпкерлер де қолдаған.

Мұның барлығы ынтагерлер Мүфтияттан көмек сұрағаннан кейін мүмкін болып отыр. Сонымен қатар имамдар аталған жобаны қолдап, қала тұрғындары өзіне қажетсіз заттарды сала алатын арнайы жәшіктеді мешіттерде орнатуға рұқсат берген. Қала тұрғындары да бей-жай қарамай, жобаға белсенді түрде атсалысуда. Заттарды жинауға арналған арнайы жәшіктер тез толып қалатын көрінеді.

Қазіргі уақытта Ержан тұрмысы төмен адамдарға арналған оңалту орталығын ашуды ойлап жүр. Ол кедейлерге психологиялық көмек көрсеткісі келеді. Себебі дәрігер ретінде адамдарға рухани қолдаудың ауадай қажет екенін жақсы түсінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз