Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Аягөздің оқушылары сарыауруды көрші Шолпан ауылынан жұқтырған

188

Абырой болғанда, былтыр күзден бері тіркелген 18 адамның барлығы да ауруханада жатып, толық емделген. Ал 8 мектепте арнайы тазалық жұмыстары ойдағыдай өткізіліпті. Шолпан ауылындағы сары аурудың өршу жағдайы тек қана Үржар ауданы емес, сонымен қатар көршілес аудан тұрғындарын да алаңдатып отыр. Мәселен, 70 мыңнан астам тұрғыны бар Аягөз ауданында өткен күзден бері ресми 18 бала осы ауруды жұқтырса, оның ішінде бірнешеуі Шолпан ауылына барғаны анықталып отыр.

Ең алғашқы сары ауруды Кешірім Бозтаев атындағы мектептің оқушылары күзгі каникул кезінде жұқтырыпты. Ағайынды екі отбасының балалары осында оқиды.

Қайрат Ғазизұлы, Кешірім Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп директоры:

– Ата-аналарының әке-шешесі Шолпандыкы болып келеді. Шолпан ауылының негізгі тұрғылықты тұрғындары. Жұқтыру себебі – балалар каникул кезінде ауылға барған. Аурудың алдын алу мақсатында ата-аналармен сөйлесіп, жақын арада бұл ауру толық жазылғанша, белгісі қайталанбағанша Шолпан ауылына бармауларын өтініп отырмыз.

Дәулет Жұмақанов, Аягөз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– 2016 жылы болмаған. 2015 жылы 6 жағдай тіркелді. 2017 жылдың аяғына дейін 16 бала гепатит А, сары аурумен тіркелген болатын. Биылғы жылы тағы да 2 бала тіркелді. Екеуі емделіп шықты. Олардың да ошақтарында іс-шаралардың барлығы толығымен жүргізілді. Жағдайды тұрақты деп айта аламыз.

А гепатитімен науқастанған 18 адамның 12-сі – оқушы, біреуі – балабақша тәрбиеленушісі. Сондықтан білім ошақтарында сары аурудың алдын алуға байланысты жан-жақты шаралар қолға алынғанның арқасында жағдай тұрақты дейді мамандар.

Нұрғали Әзімбаев, Аягөз аудандық білім бөлімінің жетекшісі:

– Көрші аудан болғаннан жиі қарым-қатынаста боламыз. Балалардың сары аурудан сақ болуын, ол жақтан келгеннен кейін арнайы тазалық жұмыстарын жүргізу жөнінде арнайы диктанттар да өткіздік. Орта сыныптар арасында сары аурудың қандай жақтары бар, ол қалай жұғады, оның бәрінің алдын алу үшін арнайы оқу процесінде денсаулық сақтауға байланысты стендтік іс-шаралар өткіздік.

Қазір Аягөз ауданындағы мектептер қалыпты жұмыс істеп тұр. Облыстан сары ауруға қарсы 3 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған 200 вакцина жеткізілген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз