Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Аяғынан тарт!». Шымкентте қиранды астынан бесіктегі сәбиді аман алып шыққан сәт (видео)

112

Видеоны Facebook желісіне Самат Баянбаев есімді азамат жүктеген. Оның айтуынша, нәрестені оқиға орнына бірінші болып жеткен жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері алып шыққан.

«Шымкентте тұрғын үйдің опырылып құлауы туралы шақыртуға қалалық жедел жәрдем стансысының 13-інші бригадасы бірінші болып жетті. Олар құтқарушылардың келгенін күтпей, жылаған дауысы шыққан баланы үйінділер арасынан өздері алып шықты. Құтқару операциясына дәрігер Явров, фельдшерлер Османов пен Айтуғанов, жүргізуші Түлебеков қатысты. Эксклюзивті видеоны ұсынамыз», – деп жазған ол Facebook пайдаланушысы.

Алдын ала болжамға сәйкес, үйдің құлауы газ-ауа қоспасының жарылысынан болған. Жарылыс кезінде бесіктің үстіне төбенің үлкен бір бөлігі түскен. Бесік қаңқасының жоғарғы бөлігі баланы ауыр жарақаттардан сақтап қалған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз