Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ауыр сөздерге қарамастан”. Төреғалидың тойын ұйымдастырған жігіт ағынан жарылды

«Әрине, музыка және телевизия индустриясы саласында істеп жүргеніме көп уақыт болды. Сондықтан ештеңеге таң қалмаймын деп ойлайтынмын. Бірақ таңданатын нәрсе әлі де бар екен.

Әдемі отбасындағы әдемі жоба туралы айтайын деп, Алматыдан Таразға кетіп барамын.

Мен анам қайтыс болғанда алғаш рет Алматыдан жүрегім ауырып қайтып едім. Ол кезде Алматы мен үшін ерекше қала болмай қалған.

Міне, қазір де сондай сезіммен кетіп бара жатырмын. Сұмдық қиындықтарға, ауыр сөздерге, кемсітулерге, тіпті қорқытуларға қарамастан мен және менің командам масқара болмай, осындай әдемі жобаны жүзеге асырдық. Он күн бойы отбасымнан, үйімнен жырақта жүру оңай емес. Бірақ бәрін жасадық. Әдемі концерттер мен той болды!» деп жазады Жан Мұқанов.

Ал өз кезегінде продюсерді жұбатып жатты оқырмандары:  “Сізді ренжіткен бүгінгі той иесі шығар. Қиын адам екені, сараң адам екені сезіледі. Сізге сабырлық! Алладан қайтсын! Еңбегіңізді халық біледі. Кəсібіңіз жүре берсін! Мұндай жүрек ауыртып, жүйке тоздыратын жобалар сізден алыс болсын!”, “Не болсын, баяғы ақшасына келісе алмаған шығар, Төрегалидың әкесі нашар адам, баласының абройын төгіп жүреді” , деп жазды олар.

Мақала VK-дағы Атамның басы-ай тобында қызу талқылануда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз