Ауылшаруашылығы министрлігіне қарасты республикалық өсімдіктер карантині орталығында тінту жүргізіліп жатыр.
Қазақстан ауыл шаруашылығы министрілігінің бағынышты мекемесі “Республикалық өсімдіктер карантині орталығының” қызметкерлері ірі көлемде бюджеттік қаражатты қымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап, Sputnik Қазақстан.
“Орталық қызметкерлері 2014 жылдан бастап 15 адамды қағаз жүзінде жұмысқа қабылдап, олардың жалақысын алып отырған. Бұл іс-әрекеттерге байланысты бастапқы болжам бойынша келтірілген шығын көлемі 10 миллион теңгеден асады. Бұдан бөлек, қызметтік іссапарларға қатысты жалған құжаттар табылды. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда„ делінеді комитет таратқан ақпаратта.