Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ауылдың дарынды балаларын қолдаудың жаңа жүйесі жасалды — министр

172
Sputnik

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дарынды балаларды анықтаудың қолданыстағы жүйесі ауылдағы және шағын қалалардағы  дарынды балаларды анықтап, қолдауға өте аз мүмкіндік береді. Олимпиадаларға, конкурстарға көбінесе қаланың гимназия, лицей оқушылары қатысып, жеңіп, ауыл балалары тасада қалатыны жасырын емес. Осыған орай, министрлік Тұңғыш Президент қорымен бірге дарынды балаларды қолдаудың жаңа тұжырымдамасын әзірледі», – деді ол.

Министрдің айтуынша, енді басты назар ауылдық жерлердегі және моноқалалар балаларына бөлінеді. Іріктеу критерийлері теориялық білім емес, логикалық ойлау және практикалық дағдыға негізделеді.

«Биыл «Мектепке жол» акциясы бойынша министрлік қосымша шараларды қолдады. Ол 1 шілдеден басталып та кетті. Көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында еріктілерді тарта отырып, жылжымалы пунктер мен ұтқыр топтарды ұйымдастыру жоспарланған. Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша министрлік тарапынан тиісті шаралар қабылданып, сапалы орындалатын болады», – деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз