Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ауыл шаруашылығы министрлігі аграр ғалымдардың ауыл шаруашылығының нашарлап кеткендігі туралы сынына жауап берді. 2 бөлім

Фото ОҚО әкімдігі баспасөз-қызметінен

Қазақстанның ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Ғани Қалиев цифрлармен көрсете отырып, ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын үнемі сынға алып келеді. Ғалым мен оның әріптестері бұл жолы да жер комиссиясының екі маңызды отырысына қатыспай, Премьер-министрге комиссияның құрамында аграрлық ғылымның өкілдері неге жоқ екенін анықтау туралы өтініш айтқан.

Сонымен қатар, өтініш авторлары ауыл шаруашылығындағы нақты жағдай туралы айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігі ғалымдарды асыра сілтеп отыр деп санайды. Ведомство саланың ең күрделі секторларында не істелгенін және істеліп жатқанын айтты.

Табысты кооперативтерге мысал

2015 жылы қабылданған “Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы Заң іске асырылмайды”. Елде “қауымдасу сәтсіздікке ұшырады”. “Шаруа қожалықтарының 40%-ында 10 га дейін жер бар, мұнда еңбек өнімділігі төмен және табысы аз”, – Ауыл шаруашылығы академиясының қызметкерлері елдегі жағдайды осылай бағалайды.

– Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне көп көңіл бөлінуде, – дейді керісінше, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары. – “Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы” Заң қабылданғаннан кейін 2015 жылы қауымдасуды дамыту үшін көптеген кедергілер жойылды. Кооперативтер коммерциялық емес санаттан коммерциялық санатқа ауыстырылды және пайданы ауыл шаруашылығы кооперативіне бөлу мүмкіндігін қарастырды.

Демократия қағидаттары сақталды: бір мүше – бір дауыс

Мысалы, Павлодар облысында 40-қа жуық шаруа қожалықтарын біріктіретін “Ертіс-Агро” табысты кооперативі бар. Қостанай облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіріп, сүт өндіру бойынша “Успеновка Сүт” кооперативін ұйымдастырудың табысты үлгісі жұмыс істейді. Еліміздің оңтүстігінде көптеген жақсы кооперативтер бар. Жамбыл облысында алма бағында “Әулие Ата” ӘКК табысты кооперативі жұмыс істейді.

Олардың барлығы өз өнімдерін ірі көлемде сатады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды ынталандыру үшін министрлік инвестициялық субсидиялауға басымдық және нормативтерді жоғарылату түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруда:

  • мал шаруашылығын субсидиялау ережелері бойынша дайындалған ауыл шаруашылығы шикізатының құнын арзандату көзделген
  • барлық салықтар бойынша 70 пайыздық жеңілдікті көздейтін ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимі қолданылады
  • ірі инвестициялық жобалардың төңірегінде кемінде жеті экожүйе қалыптастыру жоспарлануда. Оның ішінде ет пен сүт, жемістер, көкөністер, қант, дәнді және майлы дақылдар бар. Олар тек тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары үшін ғана емес, қарапайым фермерлер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту үшін де импортты алмастыру және табыстылықты арттыру бойынша іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Кооперативтер үшін жеңілдіктер

Осылайша, министрлік ірі тауарлы өнеркәсіптік өндірісті дамытуға,

сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар қуаттарының жүктемесін арттыруға жағдай жасауда. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің бірқалыпты және стандартты сапасын қамтамасыз етеді.

– Бұдан басқа, зәкірлі кооперацияны дамыту бойынша іс-шаралар әзірленетін болады. Ол кооперативтің тік және көлденең тізбектері арқылы жеке қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ шашыраңқы фермерлердің әлеуетін тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қажеттіліктерімен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Кооперативтің “бірге – жақсырақ” қағидасы ауылдағы ұсақ тауарлы өндірістің бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға мүмкіндік береді

АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу шеңберінде барлық шараларды іске асыру мақсатында келесі бесжылдықта ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту бойынша жаңа тәсілдер әзірленуде.

Алға қойылған жоспарлар:

  • кооперативтер құру кезінде кеңес беру және үйрету үшін әр өңірде кооперативтерді дамыту орталықтарын құру. Бұл орталықтар коммерциялық емес негізде ақпараттық-консультациялық қызметтердің қолжетімділігін іске асыруға ықпал ететін болады
  • салық заңнамасын жетілдіру шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары аясында кооперативтер мен несиелік серіктестіктерді корпоративтік табыс салығынан босатуды, сондай-ақ ҚҚС-тан босатуды қарастыру
  • несиелік серіктестіктер қызметтерінің тізбесін кеңейту тұрғысынан заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелерді пысықтау. Сондай-ақ кооперативтерді қаржыландыру үшін қатысушылардың несиелік серіктестіктерге кіруі мен шығуын барынша жеңілдету

Министрлік бұл шаралардың барлығын ғылым және бизнес өкілдерімен егжей-тегжейлі талқылауда.

Сондай-ақ, ауылдарда “егістіктен дүкен сөресіне дейін” кооперативтік тізбегін дамыту жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының әкімдіктеріне Үкімет резервінен жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен 3 млрд теңге (әр өңірге 1 млрд теңгеден) сомасында бюджеттік несие бөлінді.

Несие берудің негізгі шарттарының бірі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және ішкі нарықта отандық өнімді көбейту болып табылады

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен сауда объектілері арасындағы өзара іс-қимылды ықпалдастыру отандық өндірістің дамуына және сауда объектілеріндегі бағалардың төмендеуіне әкеледі.

Кооперативтік тізбек

Осылайша, несиелеу тетігін іске қосудың негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, оның ішінде қайта өңдеу кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету есебінен әлеуметтік жағдайды жақсарту. Сонымен қатар, ішкі нарықтың отандық өндіріс өнімдерімен белгіленген төмендетілген бағамен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру.

Тұтастай алғанда, жоба шеңберінде өңірлерде аграрлық өнімді сатып алу және пайдалану арқылы кооперативтік тізбекті дамыту жүйесі жолға қойылды

Өңірлердің экономикасына 2 500 жеке қосалқы шаруашылық, 31 шаруа қожалығы, 73 ШҚ, 73 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, 10 қайта өңдеуші кәсіпорын, 13 ЖК және 82 сауда объектісі тартылған.

Жеке қосалқы шаруашылықтар күннен күнге азайып, ірі шаруашылықтар көбеюде

Ауыл шаруашылығы министрлігінің риторикасы түсінікті, цифрлар шабыттандырады. Алайда, ведомство атап өткен аймақтарда әлеуметтік маңызы бар ауылшаруашылық өнімдеріне маусымдық бағаның өсуі байқалады. Қияр еттің бағасымен бірдей бола ма? Оп-оңай!

“Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің жартысына жуығы (48%) тиімділігі төмен жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі”, — дейді ғалымдар.

– Заманауи технологияларды енгізу, малдардың тұқымдық сапасын және асыл тұқымды мал санының үлесін арттыруға тек ұйымдастырылған шаруашылықтарда ғана қол жеткізу мүмкін болады, – деп жауап береді Ауыл шаруашылығы министрлігі. Және оған, негізінен, ешкім қарсы болмайды. ЖҚШ есебінен мал шаруашылығындағы өнімділік және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі көтерілмейді.

Соңғы жеті жылдағы статистикалық деректерге жасалған талдау мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде ЖҚШ үлесінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы мал басы санының төмендеуін көрсетеді

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мал басының үлесі 35,1-ден 46,0%-ға дейін, қой – 41,4-тен 47,8%-ға дейін өсті, ЖҚШ-да ІҚМ басының үлесі 64,9-дан 54,0%-ға дейін, қой 58,6-дан 52,2%-ға дейін төмендеді.

Сәйкесінше, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының есебінен мал мен құс өнімділігінің артуында оң үрдістер байқалады. Шаруашылықта сойылған немесе шаруашылықтардың барлық санаттарында союға өткізілген бір бас мал мен құстың тірілей орташа салмағы 5%-ға — 322-ден 338 кг-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өсім 5%-ды құрады (2014 жылы – 399 кг, 2020 жылы – 418 кг).

Шаруашылықтардың барлық санаттарында бір сауын сиырдан орташа сүт сауу 4%-ға — 2 275-тен 2364 кг-ға дейін көбейді, бұл ретте ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өсім 2%-ды құрады (2014 жылы – 4 252 кг, 2020 жылы – 4 320 кг).

Жайылым тапшылығы

“Жайылымдардың 50-60%-ы пайдаланылмайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің жартысына жуығы айналымнан шықты. Ауыл маңындағы жайылымдарға кем дегенде екі есе жүктеме түседі. Сонымен қатар, шөл және шөлейт аймақтарда пайдаланылмайтын жайылымдардың айтарлықтай әлеуеті бар, олармен қамтамасыз ету деңгейі 1,5-2 еседен асады”, — деп шағымданады ауыл шаруашылығы академиясының өкілдері.

– Республика бойынша елді мекендердің жайылымдық алқаптарының ауданы 21 млн га-ны құрайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жеке қосалқы шаруашылықтарда 2021 жылдың басында жайылымға шығатын 6,2 млн шартты ауыл шаруашылығы малдары болған. Министрдің бұйрығымен жайылымдардың жалпы ауданына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормативтері бекітілді. Ол бойынша ЖҚШ малдарын жаю үшін 50 млн га жайылым қажет. Тиісінше, жайылымдардың есептік тапшылығы 29 млн га-ны құрайды.

Тек екі облыста — Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында жайылымдық алқаптарға тапшылық жоқ

Қалған 12 облыс пен Шымкентте жергілікті халықтың малдарын жайылымға шығару үшін жайылым тапшылығы бар. Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарында жайылымдық жерлер өте тапшы болып отыр.

Ұйымдастырылған шаруашылықтардың жайылымдық жерлермен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізілді. Мәселен, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде 5,4 млн шартты ауыл шаруашылығы мал басы бар, олар үшін бекітілген нормативтер бойынша 43 млн га жайылым қажет. Бұл ретте ұйымдасқан шаруашылықтарға қазір 76 млн га бекітіліп берілді. Яғни жайылымдардың есептік резерві 33 млн га-ны құрауы мүмкін.

Жайылымдар туралы Заңға сәйкес жайылымдарды басқару және оларды  пайдалану жөніндегі жоспарлар бойынша

ауылдық округтерді жайылымдармен қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар жайылымдарды бөлу арқылы шешеді

Қазір бұл мәселені ауылдық округтер мен аудан әкімдері реттеп отыр. Яғни әкімдер мұны жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп шешеді. Айта кетейік, заң бойынша кенттер мен ауылдық елді мекендер аумағында орналасқан мемлекет меншігіндегі жайылымдар ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын күтіп-бағу бойынша жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі.

Жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылымдармен қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылған шаруашылықтардың пайдаланылмайтын жайылымдық жерлері, сондай-ақ тиісті жүктеме сақталмай пайдаланылатын ұйымдастырылған шаруашылықтардың жерлері бөлінетін болады.

Плодородие земель

“Жердің құнарлылығы күрт төмендеп барады. Олардың әлеуетін сақтау үшін осы уақытқа дейін ешқандай нормативтік құжаттар қабылданған жоқ. Бірақ бұл жерде елдің азық-түліктік және ұлттық қауіпсіздігі туралы сөз болып отыр”, – деп жазады ғалымдар премьер-министрге үндеуінде. Олар сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрлігі деңгейіндегі Жер ресурстарын басқарудың жүйесін әлсіз деп атады.

– Жердің әлеуетін сақтау үшін ешқандай нормативтік құжаттарды қабылданбады дегенге тоқталатын болсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017 жылдың 24 сәуірінде Жайылымдарды ұтымды пайдалану ережелерін бекіткенін атап өткен жөн.

Ол мынадай мәселелерді реттейді:

  • ауыспалы жайылымды сақтай отырып (ескере отырып) және су көздерін қолдана отырып жайылымдарды пайдалану
  • жайылым тарихы кітабын қалыптастыру
  • күнтізбелік кестені ескере отырып, жайылымдарды пайдалану
  • жайылымдардың шаруашылық айналымнан шығуын болдырмау үшін шаралар қабылдау
  • жерді арамшөп және ағаш-бұталар басуына, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстануына жол бермеу

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылдың 17 қаңтарындағы бұйрығымен Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары бекітілді. Ауыл шаруашылығы министрінің аталған мәселелерді реттеуге бағытталған кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жер инспекторлары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары негізінде ауыл шаруашылығы жерлерінде мыналарға баса назар аударады:

  • егістік горизонтында (0-20 сантиметр) жалпы қарашірік 5%-дан астам
  • жеңіл гидролизденетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа өлшенген құрамы – 20%-дан астам болуы.

Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша аталған талаптарды бұзған жер пайдаланушылардан жерді алып қоюға дейінгі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мысалы, 2016-2020 жылдары барлығы 8,2 млн га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мәжбүрлі түрде алынды. Оның 5 млн га жайылымдық жерлерді құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз