Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-9
USD
517
+8.88
EUR
543
+7.70
RUB
4.98
-0.08

«Ауыл дәрігерлерінен қорқып қалдым» – қазақ келіншегі не дейді?

Бүгінгі дәрігерлердің сиқы қандай?

Анамның тағы қан қысымы жоғарылап, мұрнынан қан кетті. Ол бұл жолы дәрігерді үйіне шақыртты. Олар “жедел жәрдемімен” жетіп келіп, анама демидрол беріп кетіп қалған. Қан қысымын өлшемеген.

Себебі, “жедел жәрдеммен” келген дәрігер қан қысымын өлшейтін «тонометрінің» жоқ екенін айтқан. Сұмдық! Жедел жәрдемде тонометрдің болмауы сұмдық! Сөйтіп қайтадан кетіп қалған.

Анам таң атқанша қиналдым дейді. Олардан қайыр жоқ екенін енді түсінген. Қайта дәрігер шақыртқан. Амал жоқ, көршіден тонометр сұратқан. Қан қысымы 170/80-ді көрсеткен. Тағы да анальгин мен демидрол…

“Жедел жәрдеммен” ауруханаға жеткізіп салмаған, анам өз аяғымен таксимен ауруханаға барған. Онда да халі нашар адамды көре тұра, ол жердегілер орын жоқ деп кеудесінен итерген. Жағдайы әбден нашарлаған соң ғана оны қабылдаған.

“Жедел жәрдем” бензин сұрайды!

Ауыл дәрігерлері неге сонша сауатсыз еді?

Әлде, ақшамен сатып алған диплом ба екен?

Бәсе, ауылдағылар неге қалада емделгісі келеді десем! Егер ауылда аяқ-асты толғағы келген әйелдер болса, онда жедел жәрдем көлігіне бензинін құйып берсең ғана апарады….

Ауыл емханасына бөлінетін ақша қайда кетеді екен? Тегін берілген дәрілерді науқастарға сатып береді.

Ауылымызда ауырмайтын адам жоқ, бірақ бәрі де өтірік ем алып келеді. Екінің бірі қалада емделсем екен дейді. Яғни, ақылы емханада.

Өйткені қазіргі Қазақстанда ақшаң болмаса, сені ешбір дәрігер қарағысы келмейді.

Мен де Алматының іргесіндегі ауылда тұрамын. Іле ауданындағы ауыл. Біз жақтағы емханаға барғанша, бармағаның мың есе артық!

Жедел жәрдем шақырсаң, сен өлгенде әрең келеді. Онда да ауруханаға апармайды. Не дұрыс ем де жазып бермейді.

Кеше көрші әйел түсік тастады. Қатты қиналды. Дәрігер шақыртып едік, «өзің кел» деген жауап алдық.

Жалынып жатып шақырдық, әйелден қан кетіп жатқанын біле тұра, ауруханаға өз аяғыңмен бар деді. Бармасаң, «сау бол» деп кете берген. Амал жоқ, ол көршім өзі таксимен ГРЭС-тегі ауруханаға барып, іштегі өлген баланы тазалатқан.

Міне, біздің ауыл дәрігерлеріміз қандай!

Солардың бәрінің білімдерін арнайы тексерсе ғой. Олар дәрігер болуға лайық па, лайық емес пе?

Сіздің ауылыңыздағы емханада бұдан асқан сорақы нәрселер бар шығар? Сіз де жазыңызшы! Бәлкім, бәріміз жазсақ, биліктің көзі ашылатын шығар?

https://kaz.365info.kz/zhiber-dejmin-dariger-men-naukhastyn-tobelesine-khatysty-videonyn-man-zhajy-anykhtaldy-254103
Қазақ келіншегінің әңгімесі.

Жазып алған – Аян Мырзабек, фото: voxpopuli.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз