Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

«Ауру. Қатындармен жатқыш». Күйеуімді не істеймін? Білмеймін…

874

«Ауру қалса да әдет қалмайды» деп қазекең бекер айтпаса керек. Аялауды да аймалауды да сиретті. Төсекте маған тым салқын.

Бірақ күндіз керісінше, «ана көрші келіншектің бөксесі жұп-жұмыр екен, нағыз төсекке арналған қатын ғой, ана бір көрші подъездегі қыздың аяғы қандай әдемі, түп-түзу. Жұтынып тұр», деп қайдағы бір қыз-келіншектерді айтып, аузының суы құрып отырғаны.

Басында оның мұндай сөздерін ерсі көретінмін. Кейінен құлағым үйреніп кетті. Кейде көлік жүргізіп келе жатып, көшеден бір сымбатты қатын көріп қалса, «түу, ана қатынның фигурасын-ай. Байының арманы жоқ шығар. Үстіне мініп алып таң атқанша түспейтін шығар», деп тамсанатынын қайтерсің?!
https://kaz.365info.kz/shalkhar-aga-aldap-ketti-paktigin-zhogaltkhan-student-khyzdyn-okhigasy-259242

«Өзгені қайтесің, мінгің келсе жаныңда отырмыз ғой» десем, «өзіңдікі мұздай, өзгенікі қыздай» деп мақалдап кететіні бар.

Жасырып қайтемін, байым қыдырмайды емес, қыдырады. Оны сезмін. Онысын ол жасыра да бермейді. Таңертең мені жұмысқа апара жатып, жол-жөнекей қол көтерген адамдар болса, солардың ішінен таңдап тұрып, сымбатты сұлу қыз-келіншектерге ғана тоқтайды. Менің көзімше олармен жылы сөйлесіп кетеді. «Жолақы» деп ұсынған олардың ақшасын алмай, «сендей сұлу қызы өмір бойы тегін тасып өтуге бармын», деп күлімдегеніне талай куә болдым да.

Менің көзімше осындай әңгіме айтады, мен жоқта не дейтінін бір Құдай білсін?

Қызғанамын. Бірақ бойға біткен бір сабырлық жанжал жасауға жібермейді де тұрады.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-dep-khaldym-zhaza-baskhan-ajel-bireudin-ozin-bopsalap-zorlap-zhyrgenin-ajtty-295032
«Болмайтын нәрсеге бола дау шығармайын. Жасы біразға келген еркек қой. Көшенің қайдағы бір шөпжелкесіне мені, балаларын айырбастап кете қоймас. Ары кетсе, жігітшілдікке салынар. Бірақ бәрбір отбасына оралады ғой. Бірінші әйелімен тұрған кезінде жүріп үйреніп қалған еркек қой. Әлі-ақ онысын қоятын шығар. Оның үстіне ішіп-тышып, ұрып жатқан жоқ», деп үміттеніп келемін. Әлі де осы үміттің жетегінде жүретінім анық.

Күйеуім де, мен де жас емеспіз. Ол елуден, мен отыздан астық. Болмайтын қызғанышқа бола дау көтеріп, ажырасып жатқаннан не қайыр. Не ұтамыз? Бір отбасы күйреп, балаларды әкесіз қалдырғанан не пайда көрмін деп, өзімді сабырға шақырып, байымның жүрген-тұрғанына, «жігітшілдікгіне» амалсыз көніп келемін.

Кеше кешкілік көзім ілініп кетіпті. Байымның біреумен сөйлесіп жатқанынан оянып кеттім.
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-impotent-38-zhasynda-belsiz-bolgan-zhomarttyn-ajeli-281332
«Өй, сендер ол келіншекті таза, пәк, күйеуіне адал дейсіңдер. Қайдағы таза?! Кеше тойдан қайтқанда ала кетіп, машинаның ішінде қызығын әбден көрдім. Ол келіншектің сүйіскенін көрсеңдер, тілімді суырып ала жаздады. Масайып қалыпты. «Күйеуіме қанбаймын, сен мықты екенсің» деп мені жіберсеші. Машинаның ішінде қан сорпа болып терледім. Әрең дегенде үйіне жеткізіп салдым. «Жиі кездесіп тұрайықшы» деп болмайды. Ондай сұлу келіншекке қалай отказ беремін? Ал сендер «ұжымдағы ең адал келіншек сол» деп таң қаласыңдар. Жұмыста түк білдірмегенсіп жүргенімен, құшаққа кіргенде нағыз жәлептің қылығын жасайды екен», деп біреуге күйеуім өзінің кезекті «серілігі» жайында әңгіме айтып жатыр.

Шыдай алмадым. Менің орнымнан тұрғанымды көрген күйеуім әңгіме ауанын өзгертіп, телефонын өшіре салды.

Не дейін? Тағы да үндемедім. Бірақ ішім қыж-қыж қайнады. Бойға біткен сабырлық дау жасауға жібермеді.

Күйеуімді сырттай ғана білетін кейбір келіншектер «Жарас қандай керемет азамат. Мінезі қандай, кішпейіл, мәдениетті. Жүріс-тұрысы да, киген киіміне дейін өзгеге үлгі болатын жан. Сен бақыттысың ғой. Осындай күйеуі бар. Үйдегі «әңгідүктермізге» сенің байыңды үлгі ретінде айтып отырамыз», деп жатады.

Күлемін.

«Жарасты жетік білмейсіңдер ғой. Оның жүргіштігін көрсеңдер, әңгүдік байларың періште болып көрінер», деп іштей күрсінемін.

Бірақ ешуақытта Жарасты жаман деп ешкімге айтпаймын. Өз күйеуімді өзгеге өзім жамандап қайтемін? Бір күні жүргіштігін қояр-да, адам болып, отбасына, балаларына дұрыстап қарар деген ойдамын.

Сіздер қандай ақыл бересіздер?

Құралай Жақып
https://kaz.365info.kz/sakh-bolynyz-avtobusta-seks-manyak-zhyr-eken-video-277741

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз