30 жастағы Александр Вич қайтадан еркек болу үшін 10 000 долларын сарп етпек. Ол әуретті жеріне ота жасатпақшы.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
Үш жыл бойы нәзік жандылардың бірі болып жүрген Александр әйел болудың оңай еместігін түсінеді.
“Осымен екінші рет жынысымды ауыстырмақшымын. Таныстарым төсімді мазақ етуде, одан тезірек арылғым келеді.
Үш жыл әйел болғанның нәтижесінде олардың шығыны ерлерден әлдеқайда көп екенін ұқтым. Өз денемде өзімді бақытсыз сезінгім келмейді.
Қуанышыма орай, отбасым мені қолдап, көмектесуде”, – дейді Александр.