Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салынды

Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарына да ғашықтар күнімен байланысты оқиғаларды көрсетуге, жарнама жасауға рұқсат жоқ. Сот шешімінің шығуына Әулие Валентин күнін тойлаудың ислам іліміне жат екені айтылған петиция арқау болған.

Әйтсе де, мерекеге байланысты дүкендер мен мейрамханаларға еш шектеу қойылмады. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, кейбір мейрамханалар мерекелік науқандарды жарнамалауды жалғастыруда.

Соңғы жылдары Пәкістанда «Валентин күні» аса танымал мейрамға айналған еді. Әсіресе, елдегі ірі қалаларда белсенді тойланатын. Оған көптеген діни ұйымдар өз наразылықтарын білдіріп келді.

Бір жыл бұрын ел президенті Мамнун Хусейн аталмыш мерекеден аулақ болуды, оның Пәкістан мәдениетіне жат екенін мәлімдеді.

Сол жылы Кохат қаласында 14 ақпанға арналған ашықхаттар мен тауарлардың сатылуына тыйым салынды. Пешавар қаласында да шектеу қойылды.

Алайда, екі қаланың билігі де шектеулерге халықтың құлақ аспағанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз