Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Ауладағы той”. Ерке Есмахан ата-анасына дүркіретіп той жасап берді (видео)

232

Әбдіраш ақсақал мен Мақпал әжейдің тойына Ақылбек Жеменей, Ғаділбек Жанай, Қуандық Рахым сынды әншілер  қатысып, әндерін тарту етті.

Той қаладағы қымбат мейрамханаларда емес, Есмахан әулетінің қара шаңырағында, үй ауласында атап өтілді. Мұны көрген жұрт Еркені басқа қырынан танып,  қарапайымдылығына тәнті болды.

Той барысында Әбдіраш ақсақал мен Мақпал әжей Ғаділбектің “Ханшайым” әніне вальс билеп, көпшілікті сүйсіндірді.

Ал Ақтөбеге домбырасын арқалай барған Қуандық жыр-термеден шашу шашып, қошеметке бөленді.

Сондай-ақ, алтын той иелерінің немерелері де өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Ата-әжесіне ән арнаған бүлдіршіндердің арасында Ерке Есмахан мен журналист Асхат Садырбайдың ұлы Мүслім де бар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз