Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
2
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Ауғанстан мәселесінде Ресей, Қытай және АҚШ-тың әскери қамқорлығына сенуге болмайды – сарапшы

122
Фото: Gulabuddin Amiri / AP

“Тоқаев Ауғанстан бойынша екінші кеңес өткізді. Бірақ, шынын айтсақ, Қазақстан бұл ойында тек сырттан бақылаушы ғана. Бірнеше жыл бұрын талибтердің билікке келу сценарийіне дайындалған Орталық Азия елдерінен тек Өзбекстан болды”, — деп жазады саясаттанушы, тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев.

Саясаттанушы Ислам Каримов кезінде Өзбекстан Ауған алаңында өз ойынын ойнағанын айтады. Ташкент 90-шы жылдары Солтүстік альянстың әскери әлеуетін белсенді түрде қолдады, ал 2000 жылдары АҚШ пен Германияға талибтермен күресу үшін әуе базаларын берді.

– Ауғанстан тарапынан үнемі төнген қауіп-қатер Өзбекстанды өте мықты әскері бар мемлекетке айналдырды. 2021 жылы Өзбекстан Global Firepower Қарулы күштердің халықаралық рейтингінде 51-орынға ие болып, өз позициясын жақсартты және осы күнге дейін Орталық Азиядағы ең мықты армия болып қалуда. Салыстыру үшін, Қазақстан осы рейтингте Өзбекстаннан 11 орынға артта қалып, 62-орынға жайғасты — деді Сәтпаев.

Сарапшы Шавкат Мирзиеев билікке келгеннен бастап бәрі өзгергенін атап өтті. Ташкент пен талибтердің саяси байланыстары күшейе түскен.

– АҚШ пен “Талибан” қозғалысының өкілдері арасында бейбіт келісім жасасу рәсіміне Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысып, ол Ташкенттің талибтермен келіссөздерге белсенді түрде қатысатынын айтты.

Нәтижесінде, 2021 жылдың көктемінде “Талибан” қозғалысы басшылығының өкілдері Ауғанстан аумағынан Өзбекстанға қауіп төнуіне жол бермейтінін мәлімдеді, — деп еске салды саясаттанушы.

Талибан тежеу құралы тәрізді

Әрі қарай Досым Сатпаев былай деп жазады:

Сонымен бірге, АҚШ пен Ресей сияқты, Өзбекстан да “Менің жауымның жауы – менің досым” принципін ұстанады, талибтардан радикалды топтарды, соның ішінде “Өзбекстан Ислам қозғалысының” тежеу құралдарының бірін көреді. 2014 жылы ИДУ жетекшісі Усман Гази бұл ұйымның ИГИЛ-ге қосылғанын мәлімдегенге дейін ол талибтер жағында болды.

Бірақ

талибтермен саяси диалогтан басқа Ташкентті Ауғанстандағы нақты экономикалық мақсаттар қызықтырады

Азия Даму Банкі бұл елге Өзбекстаннан ұзындығы 260 км болатын Сурхан – Пули-Хумри электр желісін салуға 110 миллион доллар бөлді.

Сонымен қатар Ташкент Ауғанстан арқылы Пәкістанға Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар темір жолын салу бойынша жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті.

2021 жылдың басында Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістан Трансафган теміржол жобасы үшін халықаралық қаржы ұйымдарынан 4,8 миллиард доллар несие алуға бірлескен өтінішке қол қойды.

Сарапшылардың айтуынша, бұл бағыт Пәкістанның Карачи, Касем және Гвадар теңіз порттарына шығуды қамтамасыз ету үшін Оңтүстік Азия теміржол жүйесін Орталық Азия және Еуразия теміржол жүйесімен байланыстыруы керек. Бірақ бұл жобалардың барлығын олардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін “Талибан” қозғалысының қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

Бір қызығы, жақында Түрікменстанда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының саммитінде Қ.Тоқаев та бұл жобаны қолдады.

Келіссөздердің екінші жағы

Талибтермен жасалған келіссөздерге қарамастан, “Талибан” қозғалысы тұтас емес және көптеген үлкен немесе кішігірім түрлі радикалды топтардан тұратындығын ұмытпау керек, бұл өзара соғыстарды жоққа шығармайды.

Алдымен олар елдегі билігін нығайтып, халықаралық легитимділікке ие болуы қажет. Бұл оңай емес. Ауғанстан – бұл әр түрлі этникалық топтардың және кез-келген билік кезінде өз аумағында жергілікті “князьдер” болған көптеген дала командирлерінің топтасуы.

Сондай-ақ “Талибан ” транзиттік жолдардан бастап есірткі өндірісіне дейінгі елдің барлық негізгі экономикалық ресурстарын түпкілікті бақылауға алуы тиіс. Бірақ

бұл ресурстарды ұзақ уақыт бойы көптеген жергілікті ойыншылар басқарды, олармен не келісімге келу, не болмаса күресуге тура келеді

Демек, бастапқы уақытта талибтердің Орталық Азияға қарауға мүмкіндіктері болмайды. Тағы бір мәселе, егер олар өздерінің Ауғанстан Ислам Эмиратын құра алса және өзара соғыстарға батып, шыға алмай қалмаса, қандай саясат жүргізеді.

Жаңа одақ қажет

Орталық Азия елдерінің осал жері 90-шы жылдарға қарағанда бізде Солтүстік Альянс тәрізді талитермен арадағы дәнекер жоқ. Бұл аймақтың шекарасы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда осал екенін білдіреді.

Егер талибтер Өзбекстан, Ресей, Қытай және басқа елдер күткендей ИГИЛ-мен және олардың одақтастарымен күреспесе және олармен шабуыл жасамау туралы келісім жасасса, жағдай одан да қауіпті болуы мүмкін.

Осылайша, Ауғанстанды қайтадан радикалдар қорығына айналдырып жібереді

Бұл біз үшін айқын қауіп төндіреді.

Сондықтан да Орталық Азияның барлық елдері қазірдің өзінде Ауғанстан бойынша өңірлік тұғырнама құра бастауы тиіс. Қауіпсіздік мәселелері, босқындар мәселесі, талибтермен және сыртқы ойыншылармен одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша ортақ ұстанымдарды келісуі қажет. Сондай-ақ біздің қауіпсіздігімізге қатысты басқа да мәселелер бойынша келісім жасау керек.

Ауғанстанның сол орталық үкіметінің тәжірибесі көрсеткендей, егер тек сыртқы күштердің қолдауына сүйенетін болсақ, онда олар кеткен соң бәрін жоғалтады.

Сондықтан Орталық Азия елдері өңірлік қауіпсіздік мәселелерінде, бірінші кезекте, өздерінің геосаяси мүдделерін Орталық Азия елдерінің ұлттық мүдделерінен жоғары қоятын Ресейдің, Қытайдың немесе АҚШ-тың қолындағы әскери қолшатырларға емес, әріптестік шеңберінде өз күштеріне сенім артуы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз