Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Әуе апаттары бойынша статистика: 2016 жыл ең ауыр жыл болған

455

Апат себептері көп жағдайда адами факторларға байланысты

2019: Bek Air, Sky Service, әскери ұшақ

17 қаңтарда Алматыда Sky Service әуекомпаниясының Еврокоптер-130 маркалы жеке тікұшағы апатқа ұшырады. Ұшу аппараты Наурызбай ауданының Таусамалы шағын ауданындағы “Алатау” шипажайының аумағына құлады. Ұшақ бортында 1968 жылғы ұшқыш болған.

27 наурызда Қызылорда облысында Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырады. 13 адам қаза тапты. Олардың 12-і Ақтау гарнизонының №30153 авиациялық бөлімінің әскери қызметшілері болды.

27 желтоқсанда “Bek Air” әуекомпаниясының 2100 Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 7:05-те ұшып шығып, радардан жоғалып кетті. Бортта 93 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Ұшқаннан кейін ұшақ биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды соғып кеткен. Кейін екі қабатты құрылысқа барып соғылған. Дереу құтқару жұмыстары басталды, абырой болғанда жарылыс болған жоқ.

Қазіргі мәліметтер бойынша 15 адамның қаза тапқаны белгілі болды

2017: 5 апат

2017 жылдың басынан бері ұшақтар мен тікұшақтардың 6 оқиғасы орын алды.

11 адам қаза тапты

25 ақпан күні кешке Шығыс Қазақстан облысында С-341 тікұшағының ұшқышы байланысқа шықпай қалған. Тікұшақ 26 ақпанда Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерде табылды. Ұшқыш қаза тапты. Бортта болған тағы бір адам Айғыз ауылына жеткізілді.

27 шілдеде Алматы облысында Жаркент солтүстігінен 10 шақырым жерде “Казавиа” компаниясының ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырады. Құлағаннан кейін әуе кемесі жанған. Бортта екі адам болған. Екеуі де қаза тапты. Әуе кемесі жүгері алқаптарын өңдеумен айналысқан.

10 тамызда Теспам-2002 әуе кемесі Азем аэродромынан екі километр қашықтықта құлады. Қаза тапқандардың ішінде

ұшқыш-нұсқаушы мен курсант болған

Әуе кемесі Азаматтық авиация академиясына тиесілі.

25 тамызда екі орындық МAULE М-7-260С ұшағы Жиделі елді мекеніне жақын жерде құлады. Ұшақ “Олжа Бастау” ЖШС-ға тиесілі. Бортта екі адам болған, олардың біреуі қаза болған, екіншісі — туристің аяғы сынған, ол ауруханаға жатқызудан бас тартты.

7 қыркүйекте “Евро-Азия Эйр” әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы Қызылорда облысындағы Шалқар ауылына жақын жерде құлады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

3 қазанда Ан-28 санитарлық авиация ұшағы 18.35-те Алматыдан Шымкентке қарай ұшажы. 18.47-да қаладан 28 шақырым қашықтықта ол локатордан жоғалып кетті. Кейін ұшақ Междуреченск ауылының маңында жанып кеткен. Бортта болған бес адам оқиға орнында қаза тапты.

2016: тікұшақтар, “Еуро-Азия Эйр» ұшағы

23 қаңтар күні Жамбыл облысында Ми-2-3 тікұшағы Рысқұлов ауылының “Садыхан” қыстауында апатқа ұшырады. Ұшқышты куәгерлер Тараз қаласының № 1 ауруханасына апарған. Оны екінші дәрежелі күйік шалған. Кейін ол жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды.

27 қаңтарда Алматы облысында UP-MD 600-N тікұшағы апатқа ұшырады.

Ол баланы Алакөл аудандық ауруханадан Талдықорған ауруханасына жеткізбек болған

Бортта болған бес адам қаза тапты.

26 маусымда Алматы облысы Береке ауылының маңында АН-2 ұшағы апатты жағдайда қонды. Әуе кемесі “Тамшыбұлақ” ЖШС-ға тиесілі. Бортта екі адам болған. Олардың бірі қаза тапты.

7 қыркүйекте Қарағанды облысында Ми-8 тікұшағы құлады. “Еуро-Азия Эйр” әуе компаниясының бортында “ҚазТрансОйл” АҚ Шығыс филиалының Жезқазған мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері болды. Адам шығыны жоқ.

2015: Шатыркөл маңындағы апат

20 қаңтарда Жамбыл облысында “Шатыркөл” кеніші маңында АН-2 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан “Қазақмыс” компаниясының қызметкерлері қаза тапты. Апаттан

алты адам көз жұмды

Бір әйел аман қалды.

27 мамыр күні Талдықорғанға жақын маңда екі орындық ұшу аппараты — автожир құлады. Апат салдарынан ұшқыш қаза тапты.

2014: әскери техника

28 мамыр күні Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Кіші Дихан ауылдық округінде “Бекас-X-32” жеңіл моторлы ұшағы химиялық өңдеу кезінде құлады. Оқиға салдарынан 29 жасар ұшқыш қаза тапты.

23 қыркүйекте оқу-жаттығу ұшулары кезінде әскери Су-27 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Алматы облысы аумағында Көксу елді мекені маңында құлап кетті.

Қайғылы оқиға авиабазаның командирі — 37 жастағы подполковник Ерлан Науанов пен штаб бастығы — 40 жастағы подполковник Денис Горбуновтың өмірін қиды. Құлаудың себебі ұшақ жабдықтарының істен шығуы болды.

2013: Scat апаты

29 қаңтарда Көкшетау-Алматы авиарейсін орындаған SCAT авиакомпаниясының Bombardier CRJ-200 ұшағы қонуға бет алу кезінде құлап кетті. Қайғылы оқиға Алматы облысы Талғар ауданы Қызылту ауылының маңында орын алды.

Бортта 21 адам — бес экипаж мүшесі және 16 жолаушы болды. Олардың барлығы қаза болды. Апатқа ауа райының нашарлауы және

экипаждың қате әрекеттері себеп болған

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз