Бүгін Пхенчхан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жарыс басқа күнге ауыстырылды.
Бүгін Пхенчхан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жарыс басқа күнге ауыстырылды.
Бұл туралы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитеті мәлімдеді.
Қазақстандық спортшы Мария Григорова қатысуы тиіс тау шаңғысы мен Галина Вишневская, Дарья Климина, Ольга Полторанина, Алина Райкова қатысатын биатлон жарыстары 15 ақпанға шегерілді. Бүгін конькимен жүгіруден 1000 метрлік қашықтықта Екатерина Айдова сынға түседі.