Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ауғанстаннан Қазақстан арқылы Еуропалық елдерге адамдарды заңсыз тасыған 5 күдікті сотталды

Атырау облысының ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері анықтағандай, олар шетел азаматтарын арнайы жасақталған жоспар бойынша тасымалдаған және қылмыстық топтың барлық мүшесінің атқаратын міндеттері нақты белгіленіп қойылған. Шетел азаматтарын арнайы тасымалдау үшін оларды Қазақстан-Ресей шекарасына жеткізетін такси жүргізушісін жалдаған. Қылмыстық топтың басшысы Р.Ж. және тергеуде анықталмаған Ресей Федерациясы мен Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтары болған.

Сот үкімімен төрт сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 264-бабы, яғни „Трансұлттық ұйымдасқан топты құру„, 394-бабы, яғни „Заңсыз көші-қонды қылмыстық топ арқылы жасау„ бойынша кінәлі деп танылды. Аталған баптар бойынша сотталушыға түзеу колониясының қатаң режимінде 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, қалған сотталушыларға мүліктерін тәркілей отырып, түзеу колониясының жалпы режимінде 8 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Таксист рөліндегі тағы бір сыйбайласқа топ адаммен алдын ала сөз байласуы арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз