Флорида штатының Джексонвилль қаласында ойын-сауық орталығында 26 тамыз күні болған атыстан үш адам оққа ұшып, оннан астам адам жараланды.
Бұл жайлы azattyq.orq хабарлайды.
Полицияның хабарлауынша, қарулы адам орталықта киберспорттан жарыс өтіп жатқан кезде оқ атты.
https://kaz.365info.kz/almatyda-kolik-dongelegin-yrlagan-ysh-azamat-ystaldy-329312
Джексонвилль қаласы полициясының басшысы Майк Уильямс 26 тамыз күні күдіктінің Балтимор қаласының (Мэриленд штаты) 24 жастағы тұрғыны Дэвид Кац екенін айтады.\
“Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды, олардың бірі – күдікті, ол өзіне қол салған. Тоғыз адам жараланып, ауруханаға жеткізілді. Жараланған тағы екі адам ауруханаға өздері барған” деді Уильямс.
Полиция күдіктінің не себепті шабуыл жасағаны әзірге белгісіз екенін айтады.
https://kaz.365info.kz/altajda-zhol-apatynan-zardap-shekken-khazakhstandykh-ajel-esin-zhidy-sim-329286
The Los Angeles Times басылымының жарысқа қатысушылардың біріне сілтеме жасап хабарлауынша, оқ атқан адам да жарысқа қатысып отырып, жеңіліп жатқанда ызаланып от атқан. Бірақ әзірге бұл ақпарат ресми түрде растала қойған жоқ.
https://kaz.365info.kz/khostanajda-ajelin-khyzgangan-er-adam-tanysyn-oltirip-tastady-329171