Атырау облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері жеңгетайлықпен айналысқан Алматы тұрғынын ұстады.
Облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған 48 жастағы ер адам бір топ әйелді интимді қызмет көрсетуге мәжбүрлеген.
Ол қорқыту жолымен әйелдерді пайдаланып ақша тауып отырған. Зардап шеккендер 19-38 жас аралығындағы әйелдер болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Ал күдікті ер адам қаладағы уақытша тергеу изоляторында.