Атыраудан 70 шақырым қашықтықта мұнайға толы шағын көл пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұнайға толы көлдің пайда болғаны туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Онда қолданушылардың бірі видео жүктеген. Таспада Махамбет ауданы Таңдай ауылына жақын жердегі суат түсірілген.
Видеоға байланысты Атырау облысы экология департаменті пікір білдірді.
«Мұнайдың су бетіне шығу фактісі туралы барлық жауапты органдарға хабарланды. Қоршаған ортаның ластану мәселесі бақылауға алынды. Қосымша ақпарат қосымша хабарланатын болады», – деді экология департаментінде.