Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Атырауда түрме қызметкерлері сотталды

Сот отырысында сотталушылар өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші М.Т. оларға ешқандай талап қойматынын, олардың өзінен кешірім сұрауына байланысты бас бостандықтарынан айырмауды сұрады.

Сот үкімімен мекеме қызметкерлірі кінәлі деп танылып, Ж.Д. ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабының 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, әділет аға лейтенанты атағы мен құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектелді.

Келесі сотталушы, түрме қызметкері – А.Е. ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабының 4-бөлігінің 1-тармағымен көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол да әділет капитаны атағынан және құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге, бас бостандығынан шартты түрде 5 жылға айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз