Атырауда тағы бір халық қалаулысы ұсталды. Қалалық мәслихаттың депутаты әрі “Атырау Су арнасы” мемлекеттік мекемесінің басшысы Андрей Ташлыков бюджеттің миллион теңгесін қалтаға басқан деп айыпталуда, деп хабарлайды КТК.
“Атырау су арнасын” 10 жылға жуық басқарған Андрей Ташлыковтың қазір не қамауда, не үйқамақта екені белгісіз. Оны ұстаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның қызметкерлері жөнді ақпарат таратпай отыр. Тек белгілісі – Андрей Ташлыков өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салды деген күдік бар.