Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Атырауда парацетамолды 1000 теңгеден сатқан

167
Жедел түсірілім кадры, дереккөзі  — polisia.kz

Заңсыз бизнесті клиника иесі ұйымдастырды. Препараттар ресми деңгейден 3-8 есе қымбат бағамен сатылған, деп хабарлайды polisia.kz.

Клиникада леволет 18 мың теңгеден, ингавирин — 14 мың, азитромицин — 3 мың, цианокобаламин — 3 мың, цефтриаксон — 1 мың, парацетамол — 1 мың, аскорбин қышқылы —  1 мың теңгеден сатылған. Жедел қызметкерлер клиника бөлмесінен қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің 30-дан астам қорабын тапты.

Бір күн бұрын Атыраудың басқа тұрғыны парацетамол мен азитромицинді 3,5 есе жоғары бағамен заңсыз сатқаны үшін ұсталды. Полиция екі факті бойынша тексеру жүргізуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз