Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Атырауда мемлекеттік бағдарламаның ақшасын „жегендер„ сотталды

Сотталушы «Интернет-банкинг» бағдарламасы арқылы ЖШС-тің ақша аудару құпия кодын біле тұра, бірнеше рет «Нұрбанк» АҚ-тың қызмет көрсетуінде тұрған ЖШС-тің есепшотындағы қаражатты өзінің жандайшаптарының есепшоттарына аударған. Кейін, ақша сомасын қолма-қол түсіріп, өзара бөліскен.

Сот үкімімен бас есепші ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен, яғни „Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу„ бойынша кінәлі деп танылып, «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын қолдану арқылы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ ЖШС-тің директоры мен жеке кәсіпкер Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен, яғни „Көмекшілердің сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу„ бойынша кінәлі деп танылып, оларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Жаза өтеу орны ретінде жалпы режимдегі түзеу колониясы белгіленді. Сот азаматтық талапты қанағаттандырып, сотталушылардан келтірілген шығынды өндірді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз