Атырау облысы Бесікті ауылында 14 маусым күні із-түзсіз жоғалып кеткен сегіз жасар Айкөркем Алдоңғардың мәйітін құқарушылар Орал өзенінен тапты.
Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
Бұл туралы порталға ГУ “ЗРАОСО” су-құтқару бөлімінің басшысы Самат Құмашев мәлімдеген.
“Қыз бала бүгін 19 маусымда ауылдан бір шақырым қашықтықта табылды. Оның мәйіті Алмалы ауылына қарма-қарсы жағаға қалқып шыққан”, – дейді Самат Құмашев.
Қыз баланың өліміне нақты не себеп болғанын көрсететін медициналық сараптаманың қорытындысы кейін хабарланады.