Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Атырауда дилерлік орталық қайта құрудан кейін ашылды

Ыңғайлылық, функционалдылық және жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ брендтің жоғары стандарттарына, дәстүрлері мен құндылықтарына деген адалдық жаңартылған орталықтың басты белгілері ретінде сақталды. Volkswagen өңірлік дилерлік орталығын қайта құру үшін Orbis Auto-ның меншікті инвестициялары $1 млн құрады.

Өндірушінің талаптарына сәйкес Volkswagen Atyrau-ды қайта құру процесі бес айға созылды. Реконструкцияланған орталықтың жалпы ауданы 3 287 ш.м. құрайды, шоу-румға 736,4 ш. м., қосалқы бөлшектер қоймасына – 180 ш. м. бөлінген. Ауданы 2 370 ш. м. сервистік аймақта 14 жұмыс және 4 автожуу бекеттері орналасқан, Volkswagen маркасының халықаралық стандартының соңғы критерийлеріне сәйкес келетін жабдық толық жаңартылған. Клиенттерді күтудің жаңа аймағы онлайн режимінде автомобильдің жөнделуін бақылауға және тегін Wi-Fi пайдалануға мүмкіндік береді. Автоорталықтың дизайны заманауи, ал интерьері эргономикалық сипатқа ие болды. Автосалонда сәйкестілік пен жиһаз жаңартылды, ал ғимараттың қасбетінде Volkswagen брендінің жаңа логотипі пайда болды.

Бұл биыл толықтай қайта құрудан кейін ашылған Қазақстандағы Volkswagen екінші дилерлік орталығы. Енді Атырауда біздің клиенттер өз сатып алуларын барынша қолайлы жағдайларда жүзеге асыра алады және қызметтердің кең спектрін ала алады. Жаңартылған дилерлік орталық брендтің дәстүрлері мен саясатына адалдығын сақтап қалды, ал оның техникалық жабдықталуы барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Дегенмен, ең бастысы, бұл, әрине, адамдар   өз ісінің мамандары. Орталық қызметкерлері брендтің корпоративтік саясатына сәйкес біліктіліктерін үнемі арттырып отырады. 2020 жылы біздің мамандарымыз 150-ден астам кәсіби тренингтерден өтті, – деп атап өтті Orbis Auto автомобиль тобының бас директоры Динара Ысқақова.

Атыраудағы дилерлік орталық өз клиенттеріне Volkswagen ресми дилері ұсынатын қызметтер мен сервистердің барлық спектрін ұсынады. Олардың ішінде жеңіл және коммерциялық модельдердің кеңейтілген желісінен автомобильдерді таңдау, жаңа автомобильге айырбастау кезінде артықшылықтарды қолдайтын Trade-In бағдарламасы, сондай-ақ автонесиелеудің әртүрлі бағдарламалары бар.

– Қайта құрудан кейін біздің автосалонның мүмкіндіктері кеңейе түсті және клиенттерге үздік сервисті ұсынуға, оларға автокөлік сатып алуға және кешенді қызмет көрсетуді барынша ыңғайлы әрі жағымды етуге мүмкіндік береді. Volkswagen брендінің аймақтағы позициясын күшейту және жаңа бағдарламаларды енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыру жоспарымызда бар, – деді Volkswagen Atyrau директоры Аман Мәліков.

2021 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша Volkswagen Atyrau-да 30 автомобиль сатылды. 2021 жылы дилер Атырауда Volkswagen-нің 417 автокөлігін сатуды жоспарлайды. Жалпы Қазақстан бойынша қоржынына төрт VW автоорталығы кіретін Orbis Auto компаниясы 2021 жылы брендтің жеңіл автомобильдерінің 3137 бірлігін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова 2021 жылы Volkswagen дилерлік орталықтарында бренд автомобильдерінің соңғы бес жылдағы ең кең модельдік қатары, соның ішінде соңғы жаңалықтар ұсынылатынын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз