Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Атырауда бір ай бұрын жоғалған бала өлі табылды

Ол Жылыой ауданындағы Бекжал ауылында орналасқан асхана шаруашылығында жұмыс істейтін шешесін шығарып салған. Тамызда анасы Өзбекстанға кетуге мәжбүр болған, ал ұлын ферма иесіне қалдырған. 9 қыркүйекте қайтып келген анасы ферма иесінің бауырынан Асылбектің 2 қыркүйекте кетіп қалғанын, бірақ алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтқан. Осылайша ол баланың анасын полицияға хабар бермеуге көндірген.

 “Біраз уақыт өткен соң шешесі полицияға ақыры хабар берген. Алайда арыз түскен уақыттан бері істің тергеуі баяу жүрген, оның үстіне Умида Хамроеваның паспортын тәркілеп қойған”, – делінген мақалада.

Асылбек қыркүйек айының басында жоғалған. Жеке архивтен Басылымның мәліметінше, соңғы күндері Қазақстанға Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасынан Асылбекті іздестіруге қолғабыс ету туралы өтініш түскен.

“Ташкенттің қысымы іске асқаны анық, бірақ бәрі де кеш…”, – деп жазады портал.

Асылбектің мәйіті 5 қазанда Атырау облысындағы Жылыой ауданынан өтетін су арнасының маңынан табылған. Баланың шешесі зар жылап қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз