Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Атырауда автобус жүргізушілерінен тұрақты түрде ақша бопсалаған салафиттер ұсталды

Аталған бағыттарда 200-ге жуық автокөлік жүріп-тұрған. Ай сайын әр көлік жүргізушісінен көлемі 5 мыңнан 25 мың теңгеге дейін ақша алынып отырған.

Ұсталған тұлғалар деструктивті бағыттағы дәстүрлі емес салафиттік ағымның ұстанушылары болып табылады», – деп атап өтілген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада.

Аталған қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарында көрсетілген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

«Топтың алты белсенді мүшесіне қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп нақтыланған таратылған мәліметте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз