Оқу-жаттығулардың мақсаты барлық тиісті қызметтердің төтенше жағдайға әскери дайындығын тексеру.
Жұма күні Атырауда антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлады Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Оқу-жаттығулар “Дина” гипермаркеті ауданында болады және мүдделі қызметтердің төтенше жағдайларға әскери дайындығын тексеруге бағытталады.
“Осы орайда қала халқы мен қонақтарын үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауға шақырамыз”, — деп өтініш білдірді облыстық ішкі істер департаменті.