Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
9
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Атырау полицейлері көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

Келіссөзге шақырған кезде азаматшаның қарсылық танытқанына қарамастан, оңтайлы сәтті пайдаланған полицейлер оны көпірдің жаяу жүргіншілер жүретін қапталына шығарып алды. Кейін мән-жайды анықтау мақсатында Атырау қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілген. Белгілі болғандай, азаматша – 1988 жылы туған жергілікті тұрғын.

Айта кетейік, қызды құтқарып қалған екі қызметкерді бірі – Атырау ІІБ ЖППБ полицейі, полиция сержанты Қуат Абдолов ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Ал екінші тәртіп сақшысы – аталған басқарманың  қызмет инспекторы, полиция кіші лейтенанты Абылай Сағынов полиция қатарында 2015 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз