Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы бірнеше қылмыс жасаған деп күдіктеніп отыр.
Хабарламада «Ол жүйелі түрде пара алып отырған деген болжам бар. Бірінші жағдайда өзінің қарамағындағы қызметкердің қызметін өсіріп, ары қарай қолдау көрсетуі үшін талап етілген 10 мың АҚШ долларының 3 мың долларын алған. Екінші жағдайда жеке кәсіпкерге ешқандай салықтық тексерусіз кәсібін жабуға көмектесіп, 490 мың теңге алған, — деп жазылған.
Күдікті қамауға алынды, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.