Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Атырау облысының әкімі: мен ешкімді алдаған жоқпын

“Мен ешкімді алдаған жоқпын деп есептеймін. Мен митинг қорытындысы бойынша ешкім қудаланбайды деп айттым. Солай болды. Оларды (Макс Боқаев пен Талғат Аян – ред.) өзге істер бойынша жауапқа тартты. Тоқтар Төлешовқа қатысты іс бойынша, мұның барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылып, жазылды. Атырауда 24 сәуірде болған митинг қорытындысы бойынша ешқандай санкциялар қолданылған жоқ”, — деп жауап берді Ноғаев.

“Мен ешкімді алдаған жоқпын, өз сөзімде тұрдым”, — деп тағы қайталап айтты әкім.

Ол қазіргі уақытта өңірде бәрі тыныш екенін айтты.

“Жер мәселесі ылғи өткір тұрады. Өйткені қазақтар өз болашағын жермен байланыстырады, жер негізгі қор болып табылады. Елімізде, облыста жер ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға пайдаланылады. Мен өз баяндамамда өзге облыстармен салыстырғанда біздің жер аса құнарлы болмаса да, атыраулықтар жерді өңдейді, алдағы уақытта егін салатын жерлерді кеңейтуге мүмкіндік бар екенін айттым”, — деп қосты облыс басшысы.

Еске сала кетсек, былтыр елімізде жер дауы туындап, халық біраз дүрліккен болатын. Ел азаматтары жер кодексіне енгізілген бірнеше өзгеріске, атап айтқанда ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді қазақстандықтарға сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзартуға қарсылық танытып, бірнеше өңірде шеру де өтті. Осыдан кейін президент жер кодексіндегі бұл өзгерістердің күшіне енуіне мораторий жариялап, жер реформасы жөніндегі комиссия құруды тапсырды. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, кейін оның орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов төрағалық еткен, құрамына жетпістен астам адам кірген комиссия жаз бойы жұмыс істеді. Оның жұмысының қорытындысы бойынша маңызды ұсыныстар әзірленіп, заң жобасы әзірленді.

Комиссияның ұсынысы бойынша Қазақстан президенті қолданыстағы мораторийдің мерзімін 5 жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз