Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Атырау облысында жаңа емхананың қабырғасы сөгіліп, апатты күйге түсті

Бүгінде Махамбет селосы мен оған қарасты ауыл тұрғындары емханаға жүрексініп, зорға кіретін жағдайға жеткен. Себебі олар күн санап жерге шөгіп, жапсары ұлғайып бара жатқан ғимараттан ем алу өз алдына «қабырғасы құлап астында қаламыз ба» деп қорқады.

– Жарылғанын естігелі қорқасың, неге қорықпайсың? Әркім өз өмірі үшін, балалары үшін қорқады ғой. Ол енді осыны салған адамдардың кінәсі, – дейді Сарайшық ауылының тұрғыны Бибігүл Нүкеева.

– Қорқыныштысы қорқынышты енді, мен емес жалғыз бүкіл халық бар ғой! Кезінде іргетастан кеткен болар. Дұрыс салынбады, асығыс салынды. Алға қарай көшіреді дейді, көшірсе көшіретін де болар, – деді Махамбет селосының тұрғыны Темірхан Жалмұқанов.

Қазір ғимараттың бір бөлігі түгелдей жарамсыз. Қабырғаларды көлденеңдей түскен жарықтың жапсарына саусақ сиярлық. Іргетасы сапасыз болғандықтан жерге шөгіп, қабырғалары күн санап қақырап барады.

– Емхана ғимараты 2011 жылы тапсырылған. Осы жылы жобалық-сметалық құжатын дайындап күрделі жөндеуден өткізуге құжаттама жасқаталып жатыр. Осы жылы бұл жұмыстар жүргізілетін болады, – дейді Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Аудандық аурухана басышылғынан білгеніміз тұрғындарға қызмет көрсетуге кедергі болмайтын сыңайлы. Жарамсыз боп қалған 12 емдеу кабинеті басқа орындарға көшіріліпті.

– Бұрын бұл аурухана жанында бір ауысымда 70 науқас қабылдай алатын емхана жұмыс жасады. Қазіргі таңда ол жер бос тұр. Осы бос тұрған орынға емхананың ақаулы болған бөлмелеріндегі дәрігер кабинетін көшіріп, сол қызметті сол аурухана ішінде жалғастырамыз, – деді «Аудандық аурухана» МКК директоры Ерлан Сүйеуғалиев.

Атышулы емхана 2011 жылы мемлекеттік «100 мектеп, 100 аурухана» бағддарламасы аясында іске қосылған болатын. Ауысымына 250 адам қабылдайтын емдеу орны 32 мың халқы бар аудан үшін үлкен қуаныш болып еді. Оның құрылысына 1 миллиард 700 миллион қаржы жұмсалыпты. Міне, 7 жылда осындай күйге жетіп отыр. Жауапкершілік сұрайтын облыстық құрылыс басқармасының сол кездегі басышсы қазір істі болып, қамауда отыр. Ал мердігер мекемені арада көп жылдар өткендіктен анықтау мүмкін емес. Сөйтіп, сапасыз салынған емхананы күрделі жөндеу үшін тағы да қазынадан қаржы бөлінбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз